Equipment reference manual

Орнату жады
Компьютер кемінде бір алдын ала орнатылған қос деректер жылдамдығының 4 DDR4-SDRAM
(синхронды динамикалық кездейсоқ жад) SO-DIMM жад модулімен жеткізіледі. Жүйелік тақтада ең көп
32 ГБ жадымен толтыруға болатын екі жад ұясы бар.
DDR4-SDRAM SODIMMs
Жүйенің жұмысы дұрыс болу үшін, SODIMMs мына талаптарға сай болуы тиіс:
өндірістік стандартты 260 істікшелі
буферсіз ECC PC4-17000 DDR4-2133 МГц-үйлесімді емес
1,2 вольттық DDR4-SDRAM SODIMM модульдері
SODIMM модульдері әрі:
CAS кідірісіне 15 DDR4 2133 МГц (15-15-15 уақыты) қолдау көрсетеді
құрамында міндетті түрде Electronic Device Engineering Council (JEDEC) сипаттамасы болуы тиіс
Оған қоса, бұл компьютер қолдайды:
512-Mбит, 1-Гбит, 2-Гбит, 4-Гбит және 8-Гбит ECC-емес жад технологиялары
бір жақты және екі жақты SODIMM модульдері
Мына SODIMM модульдері ұсынылады:
4 ГБ DDR4-2133 SODIMM (1 x 4 ГБ) ЖЖҚ
8 ГБ DDR4-2133 SODIMM (2 x 4 ГБ) ЖЖҚ
8 ГБ DDR4-2133 SODIMM (1 x 8 ГБ) ЖЖҚ
16 ГБ DDR4-2133 SODIMM (1 x 16 ГБ) ЖЖҚ
16 ГБ DDR4-2133 SODIMM (2 x 8 ГБ) ЖЖҚ
32 ГБ DDR4-2133 SODIMM (2 x 16 ГБ) ЖЖҚ
ЕСКЕРТПЕ: Егер қолдауы жоқ SODIMM құралдар орнатсаңыз, жүйе дұрыс жұмыс істемейді.
22 2-тарау Құрылғы жаңартулары