Equipment reference manual
SODIMM модулін алып тастау және орнату
ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модулін орнына салғанға дейін шамамен 30 секундтай
кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, компьютер қосылып тұрған AТ
көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына әрқашан жабдықталып тұрады. Кернеу бар кезде жад
модулін қосу немесе алу нәтижесінде жад модуліне немесе жүйе тақтасына жөнделмейтін зақым келуі
мүмкін.
Жад модульдарының ұяшықтарының алтындалған метал контактілері болады. Жадты жаңартқанда
үйлеспейтін металдардың бір-бірімен қатынасы нәтижесінде пайда болатын тотығу және/немесе
қышқылданудың алдын алу үшін алтындалған метал контактісі бар жад модульдарын қолдану
маңызды.
Статикалық электр қуаты компьютердің электрондық құрамдас бөлшектерін немесе қосымша
карталарды зақымдауы мүмкін. Бұл іс рәсімдерін бастамас бұрын, жерге қосылған темір затты ұстап
қалып статикалық электр зарядыңыздың жоқ екенін тексеріңіз. Толығырақ ақпарат үшін, Электр
статикалық разряд (44-бет) бөлімін қараңыз.
Жад модулін қолданғанда контактілеріне қол тигізбеңіз. Солай болған жағдайда модульге зақым келуі
мүмкін.
1. Компьютер жұмысын амалдық жүйе арқылы тиісті түрде аяқтап, сыртқы құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымын қабырғадан ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат сымын ажыратып, жад модулін орнына салғанға дейін шамамен 30 секундтай
кернеудің басылғанын күту керек. Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, компьютер қосылып
тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, тоқ жад модульдарына әрқашан жабдықталып тұрады. Кернеу
бар кезде жад модулін қосу немесе алу нәтижесінде жад модуліне немесе жүйе тақтасына
жөнделмейтін зақым келуі мүмкін.
3. Артқы К/Ш қосқыштарынан барлық кабельдерді ажыратыңыз.
4. Екі артқы қақпақ ысырмасын сыртқа қарай басыңыз (1). Артқы қақпақты жоғары сырғытып,
дисплейдің жоғарғы жағынан көтеріп шығарыңыз (2).
Орнату жады 23