Equipment reference manual

2,5 дюймдік қатты дискіні алып тастау және орнату
ЕСКЕРТУ: Қатты драйвты алғанда, деректерді жаңа қатты драйвқа көшіріп алу үшін, сақтап қоюды
ұмытпаңыз.
1. Компьютер жұмысын амалдық жүйе арқылы тиісті түрде аяқтап, сыртқы құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымын қабырғадан ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің зақымдалмауы үшін
қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту керек.
3. Артқы К/Ш қосқыштарынан барлық кабельдерді ажыратыңыз.
4. Екі артқы қақпақ ысырмасын сыртқа қарай басыңыз (1). Артқы қақпақты жоғары сырғытып,
дисплейдің жоғарғы жағынан көтеріп шығарыңыз (2).
5. Қорғағыш үстін жоғары тарту үшін артқы металл қорғағышындағы саусақ ұяларын пайдаланып,
қорғағышты дисплейдің жоғарғы жағынан көтеріп шығарыңыз.
26 2-тарау Құрылғы жаңартулары