Equipment reference manual

10. Қақпақты дисплейдің жоғарғы жағына орналастырған кезде артқы қақпақтағы қойыншаларды
дисплейдің жоғарғы жағындағы ұялармен туралап, орнына бекітілуі үшін қақпақты төмен
сырғытыңыз.
11. Артқы К/Ш қосқыштарына барлық кабельдерді жалғаңыз.
12. Қуат сымын қайта жалғап, қуат түймесін басыңыз.
M.2 жад құрылғысын алып тастау және орнату
2,5” диск ұясының астында екі M.2 жад құрылғысының қосқышы орналасқан.
1. Компьютер жұмысын амалдық жүйе арқылы тиісті түрде аяқтап, сыртқы құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымын қабырғадан ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің зақымдалмауы үшін
қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту керек.
3. Артқы К/Ш қосқыштарынан барлық кабельдерді ажыратыңыз.
M.2 жад құрылғысын алып тастау және орнату 29