Equipment reference manual
3 Бағдарламалық құрал параметрлерін
реттеу
Сенсорлық экранды калибрлеу
HP сенсорлық экранды калибрлеуді жүйені қолдануға дейін орындауға кеңес береді, сонда сенсорлық
нүкте қалам немесе саусақ тиетін жерді тіркейді. Егер сенсорлық нүкте дұрыс тіркемесе, калибрлеуді
қайта орындау қажет болады.
Windows 7 Professional немесе Embedded POSReady 7 жүйелерінде калибрлеу
Сенсорлық модуль калибрін Windows 7 Professional немесе Embedded POSReady 7 жүйелерінде тексеру:
1. Бастау мәзірін ашыңыз, басқару панелін басып, іздеу терезесінде “calibrate” деп жазыңыз. PC
орнатулары таблицасын ашып, экранның қалам немесе сенсорлық кірісін калибрлеу
сілтемесін басыңыз. PC орнатулары таблицасының сұхбат терезесінен калибрлеу түймесін
басыңыз, одан кейін 2-қадамды орындаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындап, сенсорлық экрандағы нысанды белгілерді басыңыз. Калибрін
тексеру үрдісінің соңында сенсорлық модуль видеомен сәйкестеледі және сенсорлық нүктелер
нақты болады.
Windows 8.1 Professional және Embedded 8.1 Industry Pro Retail жүйелерін
калибрлеу
Сенсорлық модуль калибрін Windows 8.1 Professional және Embedded 8.1 Industry Pro Retail
жүйелерінде реттеу:
1. Басқару тақтасын іске қосыңыз. Басқару тақтасын ашу үшін Іздеу жолына «Басқару тақтасы» сөзін
жазуға болады.
2. Басқару тақтасындағы Іздеу жолына «калибрлеу» сөзін жазыңыз. PC орнатулары таблицасын
ашып, экранның қалам немесе сенсорлық кірісін калибрлеу сілтемесін басыңыз. Планшеттік
компьютер параметрлері диалог терезесінде Калибрлеу түймесін басып, 3-қадамды
орындаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындап, сенсорлық экрандағы нысанды белгілерді басыңыз. Калибрін
тексеру үрдісінің соңында сенсорлық модуль видеомен сәйкестеледі және сенсорлық нүктелер
нақты болады.
Windows 10 Professional және Windows 10 IoT Enterprise for Retail үшін тексеру
Windows 10 Professional және Windows 10 IoT Enterprise for Retail ішіндегі сенсорлы модульді тексеру
үшін:
42 3-тарау Бағдарламалық құрал параметрлерін реттеу