Equipment reference manual
ә Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық,
күнделікті қызмет көрсету және жіберу
дайындықтары
Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті
қызмет көрсету
Компьютер параметрлерін тиісті түрде орнату және қолдау көрсету үшін төмендегі нұсқауларды
орындаңыз.
●
HP компаниясы ыстықты дұрыс үлестіру үшін артқы панельдегі желдеткіштерден 17 мм бос орын
қалдыруды ұсынады.
●
HP RP9 ритейл жүйесін шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін және өте салқын
немесе ыстық жерден аулақ ұстаңыз.
●
Кез келген алынбалы панельді алынған күйінде компьютерді қосуға болмайды.
●
Компьютерлерді бір-біріне қоймаңыз немесе оларды бір-бірінің циркуляциясымен шыққан
немесе жылынған ауамен істейтіндей жақын орнатпаңыз.
●
Компьютер бөлек қоршалған жерде істетілетін болса, кіріс және шығыс вентиляциясы
қамтамасыз етілуі қажет, сондай-ақ жоғарыдағы пайдалану нұсқаулары орындалуы тиіс.
●
RP9 ритейл жүйесінен сұйық заттарды аулақ ұстаңыз.
●
Компьютердің артқы панеліндегі желдеткіш саңылауларын кез келген материалмен жаппаңыз.
●
Амалдық жүйенің немесе басқа бағдарламалық құралдың қуатты басқару функцияларын, соның
ішінде ұйқы күйлерін орнатыңыз және қосыңыз.
●
Мына әрекеттерді орындамас бұрын компьютер жұмысын аяқтаңыз:
◦
Компьютердің сыртын қажетінше жұмсақ, дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Тазалау өнімдерін
пайдалану салдарынан жабдықтың сыртқы беті түссізденуі немесе зақымдануы мүмкін.
◦
Артқы панельдің саңылауларын анда-санда тазалап, қоқымнан, шаңнан және басқа да
саңылаудан шығатын ыстықтың таралуына кедергі жасайтын нәрселерден таза ұстаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бөлшектік сату жүйесіне қолдау және қызмет көрсету туралы қосымша ақпарат алу үшін
http://www.hp.com/support торабындағы “Бөлшектік сату орны жүйелері - Қалыпты қолдау және
қызмет көрсету” бөлімін қараңыз.
Сенсорлық экранға техникалық күтім жасау
Дисплей мен сенсорлық экранды таза ұстаңыз. Сенсорлық жүйе көп күтімді қажет етпейді. HP
компаниясы сенсорлық әйнек беткейін жиі тазалап отыруға кеңес береді. Тазалар алдында дисплейді
өшіруді ұмытпаңыз. Изопропил спирті мен суды 50:50 ара қатынасымен араластырып сүрту сенсорлық
экран үшін ең жақсы тазалау агенті. Сенсорлық экранды тазалау үшін күшті химиялық заттарды
қолданбаған дұрыс. Сіркесуға негізделген ерітінділерді қолданбаңыз.
Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті қызмет көрсету 45