Equipment reference manual
Жұмсақ, түксіз мата қолданыңыз. Қатты мата қолданбаңыз. Экранды әрқашан дымқыл матамен
сүртіңіз. Тазалайтын сұйықты матаға шашыңыз, экранға емес, сұйық дисплейдің ішіне кіріп кетуі
немесе жақтауында таңба қалдыруы мүмкін.
Жеткізуге дайындау
Компьютерді жеткізіп беруге дайындау барысында мына ұсыныстарды орындаңыз.
1. Қатты дискідегі файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. Сақталу немесе тасымалдау
барысында сақтық көшірме жасалатын тасушының электр немесе магниттік импульстарға
ұшырамайтынын тексеріңіз
.
ЕСКЕРТПЕ: Жүйенің қуаты ажыратылғанда, қатты диск автоматты түрде бекітіледі.
2. Шығарылатын тасушылардың бәрін шығарып, сақтаңыз.
3. Компьютерді және сыртқы құрылғыларды өшіріңіз.
4. Қуат сымын алдымен розеткадан, сосын компьютерден ажыратыңыз.
5. Жүйенің құрамдас бөліктерін және сыртқы құрылғыларды алдымен қуат көздерінен, сосын
компьютерден ажыратыңыз.
6. Жүйе компоненттері мен сыртқы құрылғыларды қорғау үшін, оларды өз қораптарына немесе
оларға ұқсас орам материалдары жеткілікті қораптарға салыңыз.
46 ә қосымшасы Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық, күнделікті қызмет көрсету және жіберу
дайындықтары