Equipment reference manual

1 Өнімге шолу
Стандартты мүмкіндіктер
HP RP9 G1 бөлшектік сату жүйесі төмендегі мүмкіндіктерді қамтиды.
Біріктірілген біртұтас (AiO) форм-факторы
Жалпы бөлшек сауда, қонақжай және басқа нарық аясында ұзақ мерзімді қолданысқа арналып
жасалған
Жобалық сыйымдылық сенсорлы технологиясымен және 1366 x 768 ажыратымдылықпен 15,6”
(9015 үлгісі) және 18,5” (9018 үлгісі) негізгі үлгілері
VESA бекіткіштері (100 мм x 100 мм)
Эргономикалық тұғыр, шағын тұғыр немесе тұғырсыз (тек дисплейдің жоғарғы жағы құрылғысы)
нұсқасы
Қосымша кірістірілген HP сыртқы құрылғылары:
Кірістірілген магнитті жолақты оқу құралы (сол жаққа орнату немесе оң жаққа орнату
опциялары, шифрлау қолдауы бар)
2 x 20 СКД тұтынушыға қарайтын дисплейі (кеңейту иіні бар артқы жоғары орнату немесе
төмен орнату)
7" СКД тұтынушыға қарайтын дисплейі (кеңейту иіні бар артқы жоғары орнату немесе төмен
орнату)
Екі біріктірілген штрихкод сканері (біреуі сол жаққа орнату немесе оң жаққа орнату
опцияларымен және біреуі тек төмен орнатылатын)
Кірістірілген веб-камера (тек жоғары орнатылатын)
Кірістірілген биометриялық саусақ ізін оқу құрылғысы (сол жаққа орнату немесе оң жаққа
орнату опциялары)
DDR4 2133 МГц жад, ең көп ЖЖҚ 32 Гбайтқа дейін
Стандартты мүмкіндіктер 1