Getting started

3 HP диагностикалық шешімдерін
қолдану
HP диагностикалық стратегиясы уақыт өте өзгерді. Жеке құралдардағы Windows жүйесінде 2012-ші
жылдың қазан айына дейін Vision Diagnostics бағдарламалары қолданылды. 2012-ші жылдың қараша
айынан бастап
HP компаниясы Windows жүйелерінен тысқары ортада HP PC Hardware Diagnostics (НР
компьютерлік жабдықтар диагностикасы) жүйелерін қолданып келеді.
Vision Diagnostics бағдарламасы (таңдаулы үлгілерде ғана)
ЕСКЕРТПЕ: Vision Diagnostics бағдарламасы тек кейбір компьютер модельдерінің ықшам дискісіне
қосылған.
Vision Diagnostics бағдарламасы компьютер жабдық теңшелімі туралы ақпаратты көруге және
компьютердің ішкі жүйелерінің жабдығын диагностикалық тексерулерді орындауға мүмкіндік береді.
Бұл бағдарлама жабдық мәселелерін анықтау, диагностикалау және жою процесін жеңілдетеді.
Vision Diagnostics бағдарламасын іске қосқанда, экранда «Survey» (Обзор) қойындысы көрсетіледі. Бұл
қойынды компьютердің ағымдағы теңшелімін көрсетеді. «Survey» (Обзор) қойындысынан компьютер
туралы ақпараттың бірнеше санатына кіруге болады. Басқа қойындылар қосымша ақпаратты, соның
ішінде диагностикалық тексеру параметрлерін және тексеру нәтижелерін береді. Бағдарламаның әр
экранындағы ақпаратты html файлы ретінде сақтауға және дискетада немесе USB флэш жадында
сақтауға болады.
Жүйе компьютерде орнатылған барлық құрылғыларды танитынын не танымайтынын және олардың
дұрыс қызмет етіп жатқанын анықтау үшін Vision Diagnostics бағдарламасын пайдаланыңыз.
Тексерулерді орындау міндетті емес, бірақ, жаңа құрылғыны орнату немесе қосудан кейін ұсынылады.
Басып шығарылған есептер техникалық қолдау орталығына хабарласқанша қол жетімді болуы үшін
тексерулерді орындап, тексеру нәтижелерін сақтап, басып шығару керек.
ЕСКЕРТПЕ: Vision Diagnostics бағдарламасы үшінші тарап құрылғыларын анықтамауы мүмкін.
Vision Diagnostics бағдарламасын ашу (таңдаулы үлгілерде ғана)
Vision Diagnostics бағдарламасын ашу үшін қызметтік бағдарламаны USB флэш дискісіне көшіріп, USB
флэш дискісінен іске қосу керек.
ЕСКЕРТПЕ: Vision Diagnostics бағдарламасы тек кейбір компьютер үлгілерімен жеткізіледі.
Егер Vision Diagnostics бағдарламасын USB флэш дискісіне жүктеу орындалып қойса, мына іс рәсімін 2-
қадамнан бастаңыз.
1. Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка HP
(HP Анықтама және қолдау көрсету), HP Vision Diagnostics USB Creation бөлімдерін таңдап, USB
флэш жадына Vision Diagnostics қолданбасын орнату үшін шебер сұрауларын орындаңыз.
2. Компьютер қосылып тұрғанда USB флэш жадын компьютердегі USB портына енгізіңіз.
3. Операциялық жүйені, содан кейін компьютерді өшіріңіз.
4. Компьютерді қосыңыз. Жүйе Vision Diagnostics бағдарламасымен іске қосылады.
6 3-тарау HP диагностикалық шешімдерін қолдану