Getting started

ЕСКЕРТПЕ: Егер жүйе USB флэш дискісінен іске қосылмаса, «Настройки компьютера» қызметтік
бағдарламасында іске қосу ретін өзгерту керек болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін
Maintenance and Service Guide (тек ағылшын тілінде бар) құжатын қараңыз.
5. Іске қосу мәзірінде әр түрлі жабдық құрамдастарын тексеру үшін Vision Diagnostics
бағдарламасын немесе тек жадты тексеру үшін HP Memory Test бағдарламасын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: HP Memory Test – Vision Diagnostics бағдарламасынан тыс жеке бағдарлама ретінде
іске қосылатын жадты толық диагностикалау бағдарламасы.
6. Vision Diagnostics жұмыс істеп тұрса, тиісті тілді таңдап, Продолжить (Жалғастыру) пәрменін
таңдаңыз
.
7. Шарттарды қабылдасаңыз, соңғы пайдаланушы лицензиялық келісімінде Agree (Принимаю)
пәрменін таңдаңыз. Vision Diagnostics бағдарламасы іске қосылып, Survey (Обзор) қойындысы
көрсетіледі.
HP компьютерлік жабдықтар диагностикасы (таңдаулы
үлгілерде ғана)
Аппараттық құралды ауыстыруды талап ететін ақаулық HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) арқылы
анықталған кезде, ақаулықтың 24 санды идентификаторы жасалады. Бұл идентификатор мәселені
шешу әдісін анықтау үшін ұсынылатын болады.
HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК құралын диагностикалау) қызметін
пайдалану себебі
HP PC Hardware Diagnostic (HP ЖК құралын диагностикалау) құралдары құрылғы мәселелерін
диагностикалау процесін оңайлатады және мәселелер табылған кезде қолдау жұмысын
жылдамдатады. Бұл құралдар ауыстырылуы керек құрамдасты ғана көздей отырып, уақытты
үнемдейді.
Құралдың нақты ақаулықтарын жою: Диагностикалау процесі амалдық жүйеден тыс жұмыс
істейді, осылайша ол амалдық жүйе немесе басқа бағдарламалық құрамдастар себеп болған
мәселелерден туындаған ақаулықтарды тиімді түрде жояды.
Ақаулық идентификаторы: Құралды ауыстыруды қажет ететін ақаулық табылса, 24 сандық
ақаулық идентификаторы шығады. Сосын осы идентификаторды қолдауды немесе қосалқы
бөлшектер жеткізуді ұйымдастыратын қоңырау операторына беруге болады.
HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК құралын диагностикалау) мүмкіндігін іске
қосу жолы
ЕСКЕРТПЕ: Өзгертпелі компьютерде диагностикалау құралын бастау үшін компьютерді ноутбук
режиміне ауыстырып, планшетке тіркелген пернетақтаны пайдаланыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) бағдарламасын бастау үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз және esc пернесін тез басып қалыңыз.
2. f2 пернесін басыңыз.
BIOS бағдарламасы диагностикалық құралдарды үш орыннан төмендегі тәртіпте іздейді:
а. Қосылған USB диск жетегі
HP компьютерлік жабдықтар диагностикасы (таңдаулы үлгілерде ғана) 7