Getting started
4 Компьютерді өшіру
Компьютерді дұрыс өшіру үшін алдымен амалдық жүйенің жұмысын аяқтаңыз.
●
Windows 10 IoT Enterprise
▲
Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Завершение работы
(Жұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
●
Windows 8.1 Pro және Windows Embedded 8.1 Industry Pro Retail
▲
Шебер түймелерді көрсету үшін экранның жоғарғы оң жақ немесе төменгі оң жақ бұрышына
меңзеңіз және Параметры (Параметрлер), Питание (Қуат) бөлімдерін таңдап, содан кейін
Завершение работы (Жұмысты аяқтау) бөлімін таңдаңыз.
●
Windows 7 Professional, Windows Embedded Standard 7 және Windows Embedded POSReady 7
▲
Пуск (Бастау) түймесін басып, одан кейін Завершение работы (Жұмысты аяқтау) параметрін
таңдаңыз.
Операциялық жүйеге байланысты қуат түймесін басқанда компьютер автоматты түрде өшпейді, оның
орнына қуатты төмен тұтыну немесе «күту» режиміне енеді. Бұл бағдарламаларды жаппастан
энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді; Кейінірек операциялық жүйені қайта іске қосусыз және ешбір
деректерді жоғалтпастан компьютерді бірден пайдалана бастауға болады.
ЕСКЕРТУ: Компьютерді қолмен өшіру барлық сақталмаған деректердің жоғалуын тудырады.
Компьютерді қолмен өшіру және «күту режимін» айналып өту үшін қуат түймесін төрт секунд бойы
басып тұрыңыз.
Кейбір модельдерде компьютерді реттеу бағдарламасының көмегімен қуат түймесін қосу/өшіру
режимінде жұмыс істейтіндей қайта теңшеуге болады. Компьютерді реттеу бағдарламасын пайдалану
туралы қосымша ақпарат алу үшін Maintenance and Service Guide (тек ағылшын тілінде бар) құжатын
қараңыз.
9