Getting started
6 Техникалық қолдау қызметіне
хабарласу алдында
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютер айнымалы қуат көзіне қосылған болса, жүйелік тақтаға үнемі кернеу
беріледі. Электр тогының соғуы және/немесе ыстық беттерден күйік алу қаупін азайту үшін электр
розеткасынан қуат сымын ажыратыңыз және тию алдында ішкі жүйе құрамдастарын суытыңыз.
Егер компьютермен мәселелер бар болса, техникалық қолдау қызметіне хабарласу алдында нақты
мәселені бөлектеу үшін төмендегі тиісті шешімдерді қолданып көріңіз.
●
HP Diagnostic Solution қолданбасын іске қосыңыз.
●
Компьютерді реттеу бағдарламасында дискіні қорғау жүйесінің (DPS) өзін тексеруін орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Maintenance and Service Guide (тек ағылшын тілінде бар) құжатын
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Дискіні қорғау жүйесінің (DPS) өзін тексеру бағдарламасы тек кейбір модельдерде
қол жетімді.
●
Компьютердің алдыңғы тақтасындағы қуат индикаторы жыпықтап тұрғанын не
жыпылықтамайтынын тексеріңіз немесе компьютерден шығатын дыбыстық сигналдар сериясын
тыңдаңыз. Индикатордың жыпықтауы және/немесе дыбыстық сигналдар мәселені
диагностикалауға көмектеседі. Қосымша ақпарат алу үшін, Maintenance and Service Guide
(Техникалық күтім және қызмет көрсету нұсқаулығы) (тек ағылшын тілінде) құжатын қараңыз.
●
Егер экран бос болса, бар болған жағдайда мониторды компьютердің басқа бейне портына
қосыңыз. Не болмаса мониторды дұрыс жұмыс істейтін монитормен ауыстырыңыз.
●
Егер желіде жұмыс істеп жатсаңыз, желілік ұяға басқа кабельмен басқа компьютерді қосыңыз.
Мәселе желілік кабель разъемында немесе кабельде болуы мүмкін.
●
Егер жақында жаңа жабдық қоссаңыз, жабдықты алып, компьютер дұрыс жұмыс істей ма, соны
тексеріңіз.
●
Егер жақында жаңа бағдарламалық құрал орнатқан болсаңыз, оны жойып, компьютердің дұрыс
істеп тұрғанын тексеріңіз.
●
Барлық драйверлерді жүктеусіз іске қосылатынын не қосылмайтынын көру үшін компьютерді
қауіпсіз режимде іске қосыңыз. Операциялық жүйені іске қосқанда «Last Known Conguration»
(соңғы сәтті теңшелім) нұсқасын пайдаланыңыз.
●
http://www.hp.com/support сайтындағы желілік техникалық қолдау қызметтерін пайдаланыңыз.
●
Жалпы ұсыныстарды осы нұсқаулықтың Пайдалы кеңестер (13-бет) бөлімінде қараңыз.
●
Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін, Maintenance and Service Guide (Техникалық күтім және қызмет
көрсету нұсқаулығы) (тек ағылшын тілінде бар) құжатын қараңыз.
Мәселелеріңізді желіде шешуге көмектесу үшін HP Support Wizard (НР қолдау шебері) қызметі тәуелсіз
диагностика құралдарын ұсынады. Егер HP қолдау қызметіне хабарласу керек болса, HP Support
Wizard (НР қолдау шебері) қызметінің желілік чат функциясын пайдаланыңыз. HP Support Wizard (НР
қолдау шебері) қызметінің мекенжайы: http://www.hp.com/go/ispe.
11