Getting started
Онлайн қолдау туралы ең соңғы мәліметтерді, бағдарламаларды және драйверлерді алу,
ескертулерді оқу және пайдаланушылар мен HP мамандарының дүниежүзілік бірлестігімен сөйлесу
үшін http://www.hp.com/go/bizsupport мекенжайын қолданыңыз.
Егер техникалық қолдау қызметіне хабарласу қажет болса, қоңырауыңыздың дұрыс өңделуін
қамтамасыз ету үшін келесі әрекеттерді орындауға дайын болыңыз:
●
Қоңырау соққанда компьютердің алдында болыңыз.
●
Қоңырау соғу алдында компьютердің сериялық нөмірін, өнімнің идентификациялық нөмірін және
монитордың сериялық нөмірін жазып алыңыз.
●
Мәселені шешкенде қызмет көрсету маманының жанында болыңыз.
●
Жүйеге жақында қосылған бүкіл жабдықты алып тастаңыз.
●
Жақында орнатылған барлық бағдарламаларды жойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сатылымдар мен кепілдік жаңартулары туралы мәліметтерді (HP Care Pack) жергілікті
уәкілетті қызмет көрсетушіден немесе дилерден алуға болады.
12 6-тарау Техникалық қолдау қызметіне хабарласу алдында