Getting started

9 Windows IoT 10 Enterprise жүйесінде
сақтық көшірме жасау, қайта сақтау
және қалпына келтіру
Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат үлгілердің көбі үшін
стандартты процедура болып есептеледі.
Қалпына келтіру құралы мен сақтық көшірмелер жасау
Жүйені қалпына келтіру және жөндеу
Қосымша ақпарат алу үшін, Анықтама және қолдау бөлімін қараңыз.
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все приложения (Барлық қолданбалар) бөлімін таңдаңыз, одан
кейін Справка и поддержка НР (HP Анықтама және қолдау көрсету) бөлімін таңдаңыз.
Қалпына келтіру құралы мен сақтық көшірмелер жасау
Қалпына келтіру медиасын және сақтық көшірмелер жасаудың келесі әдістерді тек таңдаулы
үлгілерде ғана қолдануға болады. Жеткілікті әдісті компьютеріңіздің моделіне сәйкес таңдаңыз.
Компьютерді сәтті орнатқаннан кейін HP Recovery Manager пайдаланыңыз. Бұл қадамда
компьютерде HP Recovery бөлімінің сақтық көшірмесі жасалады. Сақтық көшірмені қатты диск
бүлінген немесе ауыстырылған жағдайларда бастапқы амалдық жүйені қайта орнату үшін
қолдануға болады. Қалпына келтіру медиасын жасау туралы ақпаратты НР қалпына келтіру
медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы үлгілерде) (15-бет) бөлімінен қараңыз. Қалпына
келтіру медиасы көмегімен қол жетімді қалпына келтіру мүмкіндіктері туралы қосымша
ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (17-бет) бөлімінен қараңыз.
Windows құралдарын жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктелерін және жеке мәліметтердің
сақтық көшірмесін жасау үшін пайдаланыңыз.
Қосымша ақпаратты Windows құралдарын пайдалану (16-бет) бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер сақтау орны 32 ГБ немесе одан төмен болса, Windows System Restore құралы
әдепкі бойынша ажыратылған болады.
НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы үлгілерде)
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Егер компьютерде Қалпына келтіру тасымалдағышын жасау опциясы
көрсетілмесе, жүйені қалпына келтіру медиа құралын қолдау қызметінен алуға болады. Байланыс
ақпаратын HP веб-сайтынан қарауға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Recovery Manager — компьютерді сәтті орнатқаннан кейін қалпына келтіру тасығышын (флэш
жады немесе DVD дискілерінің жинағы арқылы) жасау мүмкіндігін беретін бағдарламалық жасақтама.
HP Recovery құралын қатты диск бүлінген жағдайда жүйені қалпына келтіру үшін қолдануға болады.
Жүйені қалпына келтіру бастапқы амалдық жүйені және зауытта орнатылған бағдарламалық
құралдарды қайта орнатады, одан кейін бағдарламалардың параметрлерін реттейді. HP Recovery
Қалпына келтіру құралы мен сақтық көшірмелер жасау 15