Getting started

құралын жүйе параметрлерін бейімдеуге немесе қатты дискіні ауыстырғанда зауыттық кескінді
қалпына келтіруге қолдануға болады.
Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру
құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
HP Recovery Manager компьютерді тексеріп, медиа құралындағы қажет сақтау көлемін
анықтайды.
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін компьютерде DVD дискілерін жазу мүмкіндігі бар
оптикалық дискенгізгі болуы керек және тек жоғары сапалы бос DVD-R, DVD+R, DVD-R DL немесе
DVD+R DL дискілерін пайдалану керек. CD±RW, DVD±RW, қос қабатты DVD±RW дискілерін немесе
BD-RE (қайта жазуға арналған Blu-ray) сияқты қайта жазуға болатын дискілерді пайдаланбаңыз;
олар HP Recovery Manager бағдарламалық құралымен үйлеспейді. Не болмаса, оның орнына
жоғары сапалы бос USB флэш картасын қолдануға болады.
Егер компьютерде DVD дискілеріне жазу мүмкіндігі бар кірістірілген оптикалық диск жетегі
болмаса, бірақ DVD қалпына келтіру медиасын жасағыңыз келсе, қалпына келтіру дискілерін
жасау үшін сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатып алынады) пайдалануға болады.
Сыртқы оптикалық дискісін қолдансаңыз, ол компьютердегі USB портына тікелей жалғануы
керек. Диск жетегін USB хабы сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына жалғауға болмайды.
Егер өзіңіз DVD тасығышын жасай алмасаңыз, HP компаниясынан компьютерді қалпына келтіру
дискілерін алуға болады. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан қарауға болады.
http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру құралдарын жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын
тексеріңіз.
Дискілерді жасау процесі бір сағаттай уақыт алуы мүмкін. Дискілерді жасау процесін
тоқтатпаңыз.
Қажет болса, барлық қалпына келтіру DVD дискілерінің жасалуы аяқталғанға дейін
бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager ағымдағы DVD дискісіне жазуды аяқтайды.
HP Recovery Manager бағдарламасын келесіде іске қосқан кезде жалғастыру сұралады.
HP Recovery құралын жасау үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып,
одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
2. Бұл қолданбаға компьютеріңізге өзгеріс жасау рұқсатын беру үшін Да (Иә) пәрменін таңдаңыз.
3. Создать носитель для восстановления системы (Қалпына келтіру тасымалдағышын жасау)
тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру қажет бола қалса, HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (17-бет)
бөлімін қараңыз.
Windows құралдарын пайдалану
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау үшін
Windows құралдарын пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер сақтау орны 32 ГБ немесе одан төмен болса, Windows System Restore құралы әдепкі
бойынша ажыратылған болады.
Қосымша ақпаратты және нұсқауларды алу үшін Анықтама және қолдау бағдарламасын қараңыз.
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все приложения (Барлық қолданбалар) бөлімін таңдаңыз, одан
кейін Справка и поддержка НР (HP Анықтама және қолдау көрсету) бөлімін таңдаңыз.
16 9-тарау Windows IoT 10 Enterprise жүйесінде сақтық көшірме жасау, қайта сақтау және қалпына
келтіру