Getting started
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтірудің бірнеше опциясы бар. Жағдайыңызға ең сәйкес келетін әдіс пен шеберлік
деңгейін таңдаңыз:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Барлық әдістер үлгілердің барлығында жұмыс істемеуі мүмкін.
●
Windows жүйеңізді қайта сақтау немесе қалпына келтіру үшін бірнеше опцияларды ұсынады.
Қосымша ақпарат алу үшін Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын қараңыз.
▲
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все приложения (Барлық қолданбалар) бөлімін таңдаңыз,
одан кейін Справка и поддержка НР (HP Анықтама және қолдау көрсету) бөлімін таңдаңыз.
●
Алдын ала орнатылған қолданба немесе драйвер мәселесін шешу қажет болса, жекелеген
қолданбаны немесе драйверді қайта орнату үшін HP Recovery Manager бағдарламасының
Драйверлерді және/немесе қолданбаларды қайта орнату опциясын пайдаланыңыз.
▲
Тапсырмалар тақтасыың іздеу жолағында recovery деп теріп, HP Recovery Manager
бағдарламасын таңдаңыз да, Переустановить драйверы и/или приложения (Драйверлерді
және/немесе қолданбаларды қайта орнату) параметрін таңдап, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
●
Таңдаулы үлгілерде, компьютерді кішірейтілген бейнемен бастапқы қалпына келтіру керек
болса, HP Recovery бөліміндегі немесе HP Recovery құралындағы HP кішірейтілген бейнеден
қалпына келтіру опциясын таңдауға болады. Кішірейтілген бейнеден қалпына келтіру тек
драйверлер мен аппараттық құралдарды қосатын қолданбаларды орнатады. Бейнедегі басқа
қолданбаларды HP Recovery Manager ішіндегі Драйверлерді және/немесе қолданбаларды қайта
орнату опциясын арқылы орната беруге болады.
Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (17-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Планшеттің Windows бөлімін бастапқы зауыттық мазмұнына қалпына келтіру керек болса, HP
Recovery бөліміндегі (тек таңдаулы үлгілерде) жүйені қалпына келтіру опциясын таңдауға немесе
HP Recovery медиа құралын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager
арқылы қалпына келтіру (17-бет) бөлімінен қараңыз. Қалпына келтіру медиа құралы
жасалмаған болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы үлгілерде)
(15-бет) бөлімін қараңыз.
●
Таңдаулы үлгілерде, компьютердің бастапқы зауыттық бөлімі мен мазмұнын қалпына келтіру
керек болса немесе қатты диск ауыстырылса, HP қалпына келтіру медиа құралының зауыттық
параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager
арқылы қалпына келтіру (17-бет) бөлімінен қараңыз.
●
Таңдаулы үлгілерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз
келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін
жою) опциясын ұсынады.
Қосымша ақпаратты HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы үлгілерде) (19-бет) бөлімінен
қараңыз.
HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламасы жасалған немесе HP компаниясынан алған HP қалпына келтіру
тасығышын пайдаланып немесе HP қалпына келтіру бөлімі (тең таңдаулы үлгілерде) арқылы
компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтіру медиа құралы
жасалмаған болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы үлгілерде) (15-бет)
бөлімін қараңыз.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру 17