Getting started

Жұмысқа кіріспес бұрын маңызды ақпаратпен таңысу қажет.
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық
құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен бірге берілмеген бағдарламалық
құралдарды не өндірушінің веб-торабынан жүктеп алу, не өндіруші берген тасығыштан қайта
орнату керек.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіруді компьютер мәселелерін
шешудің ең соңғы шарасы ретінде пайдаланған жөн.
HP Recovery құралы компьютердің қатты дискісінде ақау болғанда қолданылуы керек. Қалпына
келтіру медиа құралы жасалмаған болса
, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек
таңдаулы үлгілерде) (15-бет) бөлімін қараңыз.
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру опциясын қолдану үшін (тек таңдаулы үлгілерде) HP
қалпына келтіру медиа құралын пайдалану керек. Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған
болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы үлгілерде) (15-бет) бөлімін
қараңыз.
Егер компьютерде НР қалпына келтіру медиасын жасау мүмкін болмаса немесе HP қалпына
келтіру медиа құралы жұмыс істемесе, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға
болады. Байланыс ақпаратын HP веб-сайтынан қарауға болады. http://www.hp.com/support
мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager жеке деректеріңіздің сақтық көшірмелерін автоматты
түрде қамтамасыз етпейді. Қалпына келтіруді бастау алдында сақтау керек бүкіл жеке деректердің
сақтық көшірмесін жасаңыз.
HP Recovery медиа құралының көмегімен төмендегі қалпына келтіру опцияларының бірін таңдауға
болады:
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде қолданылатын мүмкіндіктер қалпына келтіру процесін бастаған кезде
көрсетіледі.
Жүйені қалпына келтіру - Бастапқы амалдық жүйені қалпына келтіріп, зауытта орнатылған
бағдарламалардың параметрлерін реттейді.
Ықшамдалған кескіннен қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде) - Амалдық жүйені және
барлық аппараттық құралдармен байланысты драйверлер мен бағдарламалық құралдарды
қайта орнатады, бірақ басқа бағдарламалық құрал қолданбаларын орнатпайды.
Зауыттық параметрлерді қайтару - компьютерді қатты дискіден барлық ақпаратты жойып,
бөлімдерді қайта жасау арқылы түпнұсқалық бастапқы зауыттық күйіне қалпына келтіреді.
Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта
орнатады.
HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) жүйені қалпына келтіруге және кішірейтілген бейнеден
қалпына келтіруге (тек таңдаулы үлгілерде) мүмкіндік береді.
HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP қалпына келтіру бөлімі жүйені қалпына келтіруді немесе кейбір үлгілерде қалпына келтіру
дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш жадын қажет етпей барынша аз кескін қалпына
келтіруін орындауға мүмкіндік береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп
тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
HP Recovery Manager бағдарламасын HP Recovery бөлімінен іске қосу үшін:
18 9-тарау Windows IoT 10 Enterprise жүйесінде сақтық көшірме жасау, қайта сақтау және қалпына
келтіру