Getting started
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып,
одан кейін HP Recovery Manager тармағын, одан кейін HP Recovery Environment тармағын
таңдаңыз.
– немесе –
Компьютер жүктелген кезде, F11 пернесін басыңыз немесе қуат түймешігін басқан кезде f11
пернесін басып ұстап тұрыңыз.
2. Жүктеу опцияларының мәзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын
таңдаңыз.
3. Менеджер восстановления (Қалпына келтіру басқарушысы) тармағын таңдаңыз және экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру үшін HP Recovery құралын пайдалану
Бастапқы жүйені қалпына келтіру үшін, HP Recovery құралын қолдануға болады. Бұл әдісті жүйеңізде
HP Recovery бөлімі болмаған немесе қатты диск дұрыс жұмыс істемеген жағдайда қолдануға болады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. НР қалпына келтіру медиа дискісін салып, компьютерді өшіріп қайта бастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде қайта
қоспаса, компьютердің жүктелу тәртібін өзгертіңіз. Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту
(19-бет) бөлімін қараңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту
Егер компьютеріңіз HP Recovery Manager бағдарламасында қайта басаталмаса, компьютерді жүктеу
ретін өзгерту қажет. Бұл – компьютер жүктеу ақпаратын іздейтін BIOS ішінде тізілген құрылғылардың
реті. Таңдауды оптикалық диск жетегіне немесе USB флэш жадына өзгертуге болады.
Жүктелу ретін өзгерту үшін:
1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз.
2. Computer Setup утилитасын бастаңыз:
▲
Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе өшіріп
қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
3. Жүктегіңіз келетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-дискісін таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискіден орын босату үшін HP Recovery бөлімін
жоюға мүмкіндік береді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery бөлімі жойылғаннан кейін, Windows жүйесінің жаңарту опциясын
немесе бәрін жоып, Windows жүйесін қайта орнатуға арналған Windows мүмкіндігін пайдалануға
болмайды. Сонымен қатар, жүйені қалпына келтіруге немесе ықшамдалған кескінді HP Recovery
бөлімінен қалпына келтіруге болмайды. Қалпына келтіру бөлімін жоймас бұрын, HP Recovery медиа
құралын жасаңыз; НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы үлгілерде) (15-бет)
бөлімін қараңыз.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру 19