Getting started
10 Windows 8.1 Pro және Windows Embedded
8.1 Industry Pro Retail жүйелерінде
сақтық көшірме жасау, қайта сақтау
және қалпына келтіру
Компьютеріңізде HP және Windows компаниясы жабдықтаған ақпаратыңызды қорғайтын және қажет
кезінде алып шығуға болатын аспаптар мен жұмыс жүйесі бар. Бұл аспаптардың қарапайым
қадамдары арқылы компьютерді қалыпты жұмыс күйіне, тіпті зауыттағы түпнұсқа күйіне қайтаруға
болады.
Бұл тарауда төмендегі үрдістер туралы ақпарат беріледі:
●
Қалпына келтіретін медиа жасау және сақтық көшірмесін жасау
●
Жүйені жөндеу және қалпына келтіру
ЕСКЕРТПЕ: Бұл тарау сақтық көшірме жасау, жүйені жөндеу және қалпына келтіру жолдарын
сипаттайды. Жабдықталған аспаптар туралы қосымша ақпаратты анықтама және қолдау бөлімінен
қараңыз. Бастау экранына с әрпін жазыңыз, одан кейін Справка и пожддержка (анықтама және
қолдау) тармағын таңдаңыз.
Қалпына келтіру медиасын жасау және сақтық көшірмесін
жасау
Бұзылған жүйені жөндеу сақтық көшірме жасағанмен бірдей.
1. Компьютердің параметрлерін сәтті орнатқаннан кейін, қалпына келтіру құралын жасаңыз. Бұл
қадамда компьютерде қалпына келтіру бөлімінің сақтық көшірмесі жасалады. Оны қатты диск
бүлінгенде немесе ауыстырылғанда түпнұсқа жұмыс жүйесін қайта орнату үшін қолдануға
болады.
ЕСКЕРТПЕ: 32Гб қатты денелі қорда қалпына келтіру бөлшегі болмайды. Ондай жүйелерде
қорапта жабдықталған қалпына келтіру медиасын қолданыңыз немесе HP қызмет көрсету
орталықтарынан сатып алыңыз.
USB драйвын қолданып, компьютерді қосу мүмкін болмағанда қолданылатын қалпына келтіру
драйвын жасақтайсыз. USB драйвын амалдық жүйенің түпнұқсасын қайта орнату үшін және
зауытта орнатылған бағдарламаларды қайта орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: USB драйвы жадындағы ақпарат сақтық медиасы жасалғанға дейін жойылады.
●
Windows 8.1 не Industry 8.1 қалпына келтіру тасымалдағышын жасау үшін Бастау экранында
диск восстановления (қалпына келтіру дискі) сөзін теріп, Создание диска
восстановления (Қалпына келтіру дискін жасау) бөлімін таңдаңыз. Экрандағы нұсқауларды
орындап әрекетті жалғастырыңыз.
●
Windows 8 қалпына келтіру тасымалдағышын жасау үшін Бастау экранында диск
восстановления (қалпына келтіру дискі) сөзін теріп, Параметры (Параметрлер) бөлімін
Қалпына келтіру медиасын жасау және сақтық көшірмесін жасау 21