Getting started

11 Windows 7 Professional, Windows
Embedded Standard 7 және Windows
Embedded POSReady 7 жүйелерінде
сақтық көшірме жасау, қайта сақтау
және қалпына келтіру
Компьютеріңізде HP және Windows компаниясы жабдықтаған ақпаратыңызды қорғайтын және қажет
кезінде алып шығуға болатын аспаптар мен жұмыс жүйесі бар. Бұл аспаптардың қарапайым
қадамдары арқылы компьютерді қалыпты жұмыс күйіне, тіпті зауыттағы түпнұсқа күйіне қайтаруға
болады.
Бұл тарауда төмендегі үрдістер туралы ақпарат беріледі:
Қалпына келтіру медиасын жасау және сақтық көшірмесін жасау
Жүйені жөндеу және қалпына келтіру
ЕСКЕРТПЕ: Бұл бөлімде сақтық көшірме жасау, қалпына келтіру және жөндеу опцияларына шолу
сипатталған. Берілген Windows сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру құралдары туралы
қосымша мәліметтерді алу үшін Анықтама және Қолдау қызметін қараңыз. Анықтама және қолдау
орталығына кіру үшін Пуск (Бастау) түймесін басып, Справка и поддержка (Анықтама және қолдау
көрсету) бөлімін таңдаңыз.
Бұзылған жүйені жөндеу сақтық көшірме жасағанмен бірдей.
1. Компьютердің параметрлерін сәтті орнатқаннан кейін, қалпына келтіру құралын жасаңыз. Бұл
медианы қатты диск бүлінгенде немесе ауыстырылғанда түпнұсқа жұмыс жүйесін қайта орнату
үшін қолдануға болады. Қалпына келтіру медиасын жасау (25-бет) бөлімін қараңыз.
2. Аппараттық құрал және бағдарламалар қосқаннан кейін жүйені қалпына келтіру нүктелерін
жасаңыз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктесі — Windows жүйесін бастапқы қалпына
келтіру утилитасымен белгілі бір сәтте сақталған қатты диск мазмұнының кескіні. Жүйені
қалпына келтіру нүктесінде реестр параметрлері сияқты Windows пайдаланатын ақпарат болады.
Windows жүйесі бастапқы қалпына келтіру нүктесін Windows жүйесін жаңарту және жүйеге басқа
да күтім көрсету үрдісі (мысалы, бағдарламалық құралды жаңарту, қауіпсіздікті тексеру немесе
жүйенің диагностикасын жасау) барысында автоматты түрде жасайды. Сонымен қатар, жүйені
қалпына келтіру нүктесін кез келген уақытта қолмен жасауға болады. Қосымша ақпаратты және
белгілі бір жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау қадамдарын Справка и поддержка
(Анықтама және қолдау) бөлімінен қараңыз. Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін Пуск
(Бастау) түймесін басып, Справка и поддержка (Анықтама және қолдау көрсету) бөлімін
таңдаңыз.
3. Фото, видео, музыка және басқа жеке файлдар қосқанда, жеке ақпаратыңыздың сақтық
көшірмесін жасап қойыңыз. Егер файлдар қатты дискіден абайсызда жойылып кетсе және қоқыс
себетінен қалпына келтірілмесе немесе файлдар бүлінсе, файлдарды сақтық көшірмесі арқылы
қалпына келтіруге болады. Жүйенің зақымдалуы орын алғанда, компьютеріңіздің файлдарын
24 11-тарау Windows 7 Professional, Windows Embedded Standard 7 және Windows Embedded POSReady
7 жүйелерінде сақтық көшірме жасау, қайта сақтау және қалпына келтіру