Getting started
қалпына келтіру үшін сақтық көшіру файлдарын пайдалануыңызға болады. Мәліметтердің
сақтық көшірмесін жасау (27-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жүйе жұмысы тұрақсыз болған жағдайда, HP сізге қалпына келтіру қадамдарын басып
шығарып, кейін пайдалану үшін сақтап қоюға кеңес береді.
Қалпына келтіру медиасын жасау
Компьютердің параметрлерін сәтті орнатқаннан кейін, қалпына келтіру құралын жасаңыз. Бұл
медианы қатты диск бүлінгенде немесе ауыстырылғанда түпнұсқа амалдық жүйесін қайта орнату
үшін қолдануға болады
.
Ақпарат тасушасын қалпына келтірудің екі жолы бар. Сіздің компьютеріңізге қай қадамдарды қолдану
қажет екендігін анықтау үшін:
1. Пуск (Бастау) түймесін басыңыз.
2. Все программы (Барлық бағдарламалар) бөлімін таңдаңыз.
●
Егер Security and Protection тізімі болса, тізімдегі қадамдарды орындаңыз HP Recovery
Manager-ді қолдана отырып, қалпына келтіру медиасын жасау (таңдаулы үлгілерде ғана)
(25-бет).
●
Егер Productivity and Tools тізімі болса, тізімдегі қадамдарды орындаңыз HP Recovery Disc
Creator (HP қалпына келтіру дискін жасағыш) қолданбасы арқылы қалпына келтіру
дискілерін жасау (таңдаулы үлгілерде ғана) (26-бет).
HP Recovery Manager-ді қолдана отырып, қалпына келтіру медиасын жасау
(таңдаулы үлгілерде ғана)
●
Сақтық дискілерін жасау үшін, компьютерде DVD жазғыш болу керек. DVD+R немесе DVD-R
дискілерін қолданыңыз (бөлек сатылады). Қолданылатын дискілер қолданыстағы оптикалық
драйв түріне байланысты болады.
ЕСКЕРТПЕ: DVD+R DL, DVD-R DL, немесе DVD±RW дискілерінің қолдауы жоқ.
●
Оның орнына жоғары сапалы USB флэш жадын пайдаланып, қалпына келтіру USB флэш жадын
жасауға болады.
●
Егер қалпына келтіру дискілерін жасап жатсаңыз, тек жоғары сапалы дискілерді пайдаланыңыз.
Зақымданған дисктер қабылданбаса, ол жүйе үшін қалыпты нәрсе. Сізге әрекетті қайталау үшін
жаңа бос дискіні салу ұсынылады.
●
Қалпына келтіру дискілер жиынындағы дискілердің саны компьютеріңіздің моделіне
байланысты (әдетте 3-6 DVD дискілері). Қалпына келтіру ақпарат тасушысын жасау
бағдарламасы жиынды жасау үшін қажет бос дискілердің нақты санын айтады. Егер USB флэш
жадын пайдаланып жатсаңыз, бағдарлама барлық деректерді сақтау үшін қажет дискі өлшемін
айтады (ең кемі 8 ГБ).
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру ақпарат тасушысын жасау – ұзақ процесс. Процестен кез келген
уақытта шыға аласыз. Процесті келесіде іске қосқанда, ол қалдырған жерден жалғасады.
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру ақпарат тасушысын жасау үшін мультимедиа карталарын
пайдаланбаңыз. Жүйе мультимедиа картасынан іске қосылмауы және жүйені қалпына келтіруді
орындай алмауыңыз мүмкін.
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін:
Қалпына келтіру медиасын жасау 25