Getting started
1. Ашық тұрған барлық бағдарламаны жабыңыз.
2. Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Безопасность и защита
(Қауіпсіздік және қорғаныс), Диспетчер восстановления (Қалпына келтіру реттегіші) бөлімдерін
таңдап, содан кейін HP Создание носителя восстановления (HP қалпына келтіру
тасымалдағышын жасау) бөлімін таңдаңыз. Сұралса, бағдарламаға жалғастыру рұқсатын беру
үшін Иә түймесін басыңыз.
3. Создание носителя восстановления с помощью пустой DVD (Бос DVD дискінің көмегімен қалпына
келтіру тасымалдағышын жасау) бөлімін таңдап, Следующий (Келесі) түймесін басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Әр диск жасалған сайын оларды белгілеп (мысалы,
«
Қалпына келтіру 1», «Қалпына келтіру 2» деп), дисктерді қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз.
Қалпына келтіру USB флэш жадын жасау үшін:
ЕСКЕРТПЕ: Сыйымдылығы кемінде 8 Гб USB флэш жад құралын пайдалану керек.
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру ақпарат тасушысын жасау әрекеті ондағы бүкіл файлдарды жоя
отырып, USB флэш жадын пішімдейді.
1. Ашық тұрған барлық бағдарламаны жабыңыз.
2. USB флэш жадын компьютердің USB портына қосыңыз.
3. Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Безопасность и защита
(Қауіпсіздік және қорғаныс), Диспетчер восстановления (Қалпына келтіру реттегіші) бөлімдерін
таңдап, содан кейін Создание носителя восстановления (Қалпына келтіру тасымалдағышын
жасау) бөлімін таңдаңыз.
4. Создание носителя восстановления с помощью USB-устройство флэш-памяти (USB флэш
жадының көмегімен қалпына келтіру тасымалдағышын жасау) бөлімін таңдап, Следующий
(Келесі) түймесін басыңыз.
5. Тасымалдағыштар тізімінен USB флэш жадын таңдаңыз. Бағдарлама қалпына келтіру дискін
жасау үшін қанша бос орын қажет екендігін көрсетеді. USB флэш жадында орын жеткіліксіз
болса, ол сұр түсте пайда болады және оны көлемі үлкенірек USB флэш жадымен ауыстыру
керек. Следующий (Келесі) таңдаңыз.
6. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Процесс аяқталған кезде, USB жад құрылғысына белгі
қойып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
HP Recovery Disc Creator (HP қалпына келтіру дискін жасағыш) қолданбасы
арқылы қалпына келтіру дискілерін жасау (таңдаулы үлгілерде ғана)
HP Recovery Disc Creator (HP қалпына келтіру дискін жасағыш) компьютерлік бағдарламасы, таңдаулы
үлгілерде қалпына келтіру дискілерін жасауға мүмкіндік береді. Компьютер жұмыс жүйелерін
толығымен реттегеннен соң, HP Recovery Disc Creator (HP қалпына келтіру дискін жасағыш)
бағдарламасын қолданып, қалпына келтіру дискілерін жасауыңызға болады. Қатты диск зақымданып
қалған жағдайда, қалпына келтіру дискілері амалдық жүйенің түнұсқасын қайта орнату және
драйверлер мен қолданбаладры таңдау мүмкіндігін ұсынады. HP қалпына келтіру дискін жасағыш екі
түрлі қалпына келтіру дискісін жасайды:
●
Амалдық жүйе DVD дискісі—Амалдық жүйені қосымша драйверлер немесе қолданбалардың
көмегінсіз орнатады.
●
Драйверлерді қалпына келтіру DVD дискісінен дәл HP Software Setup утилитасы драйверлер мен
қолданбаларды орнатқандай, тек белгілі бір драйверлер мен қолданбалар орнатылады.
26 11-тарау Windows 7 Professional, Windows Embedded Standard 7 және Windows Embedded POSReady
7 жүйелерінде сақтық көшірме жасау, қайта сақтау және қалпына келтіру