Getting started
Сақтық дискілерін жасау үшін, компьютерде DVD жазғыш болу керек. Келесі дискілердің бірін
қолданыңыз (бөлек сатылады): DVD+R, DVD+R DL, DVD-R, DVD-R DL, немесе DVD±RW. Қолданылатын
дискілер қолданыстағы оптикалық драйв түріне байланысты болады.
Қалпына келтіру дискілерін жасақтау
ЕСКЕРТПЕ: Амалдық жүйе DVD дискісі бір рет қана жасақталады. Windows DVD-ін жасағаннан кейін,
медианы жасау опциясы қолжетімсіз болады.
Windows DVD дискісін жасау үшін
1. Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Производительность и
инструменты (Өнімділік пен құралдар) бөлімдерін таңдап, содан кейін HP Recovery Disc Creator
бөлімін таңдаңыз.
2. Windows дискісін таңдаңыз.
3. Ашылмалы мәзірден қалпына келтіру құралын жазу үшін дискіні таңдаңыз.
4. Жазу процесін бастау үшін Создание (Жасау) түймешігін басыңыз. Жасақталған дискіге жапсырма
жапсырып, қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз.
Амалдық жүйе DVD дискісі жасақталған соң, Драйверді қалпына келтіру DVD дискін жасаңыз:
1. Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Производительность и
инструменты (Өнімділік пен құралдар) бөлімдерін таңдап, содан кейін HP Recovery Disc Creator
бөлімін таңдаңыз.
2. Драйверлер дискісін таңдаңыз.
3. Ашылмалы мәзірден қалпына келтіру құралын жазу үшін дискіні таңдаңыз.
4. Жазу процесін бастау үшін Создание (Жасау) түймешігін басыңыз. Жасақталған дискіге жапсырма
жапсырып, қауіпсіз жерге сақтап қойыңыз.
Мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау
Жүйе орнатылғаннан кейін, бастапқы сақтық көшіруді дереу жасауыңыз қажет. Жаңа бағдарлама мен
деректер файлдарын қосқаннан кейін, орынды сақтық көшіруді қамтамасыз ету үшін жүйені әдепкі
негізде сақтық көшіруді жалғастыруыңыз тиіс. Бастапқы және одан кейін жасалған сақтық көшірмелер
ақаулық болған жағдайда деректер мен параметрлерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Деректеріңіздің сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты дискке, желі драйверіне немесе дискілерге
сақтауға болады.
Сақтық көшірме жасау барысында мыналарды ескеріңіз:
●
Жеке файлдарды құжаттар кітапханасы бөліміне сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты
түрде жасап тұрыңыз.
●
Қатысты бағдарламаларда сақталған үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
●
Параметрлердің экрандағы суреттерін түсіріп алу арқылы терезеде, құралдар тақтасында немесе
мәзірлер тақтасында көрінетін теңшелген параметрлерді сақтаңыз. Экран суретін түсіру
теңшелімдерді қалпына келтіру керек болған жағдайда уақытыңызды үнемдейді.
●
Дискілерге сақтағанда, дискіні ұядан шығарған соң, әр дисікін нөмірлеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Сақтық көшірме жасау және қпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу
үшін анықтама және қолдау бөлімін қараңыз. Анықтама және қолдау орталығына кіру үшін Пуск
(Бастау) түймесін басып, Справка и поддержка (Анықтама және қолдау көрсету) бөлімін таңдаңыз.
Қалпына келтіру медиасын жасау 27