Getting started

ЕСКЕРТПЕ: Кейбір тапсырмаларды орындаған кезде Пайдаланушы тіркелгісін басқару рұқсатты
немесе құпия сөзді сұрауы мүмкін. Тапсырманы жалғастыру үшін тиісті опцияны таңдаңыз.
Пайдаланушы тіркелгісін басқару туралы ақпарат алу үшін Анықтама және қолдау бөлімін қараңыз:
Бастау түймесін басып, Справка и поддержка (Анықтама және қолдау көрсету) бөлімін таңдаңыз.
Windows Backup and Restore (Windows сақтық көшірме және қалпына келтіру) арқылы сақтық көшірме
жасау
ЕСКЕРТПЕ: Сақтық көшірме жасау бір сағаттан астам уақыт алуы мүмкін, ол файл көлемі мен
компьютер жылдамдығына байланысты.
1. Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Обслуживание
ехникалық қызмет көрсету) бөлімдерін таңдап, содан кейін Резервное копирование и
восстановление (Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру) бөлімін таңдаңыз.
2. Сақтық көшірме жасау бағдарламасын орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындап орнатыңыз.
Жүйені қалпына келтіру
Компьютеріңізге орнатылған бағдарлама себебінен қиыншылықтар туындап жатса немесе жеке
мағлұматтарды жоғалтпай, жүйені алдыңғы қалпына келтіргіңіз келсе, Жүйені қалпына келтіру
пәрменін таңдап, компьютерді алдыңғы қалыпқа келтіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану алдында әрқашан осы Жүйені қалпына
келтіру процедурасын орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіре бастау үшін:
1. Ашық тұрған барлық бағдарламаны жабыңыз.
2. Пуск түймесін басып, Компьютер белгішесін тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз және Свойства
(Сипаты) бөлімін таңдаңыз.
3. Защита системыүйе қорғанысы), Восстановление системыүйені қалпына келтіру)
бөлімдерін таңдап, Следующийелсеі) түймесін түртіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіріп жөндеу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Бұл процедурада барлық пайдаланушы мәліметтері жойылады. Мәлімет
жоғалуының алдын алу үшін, барлық пайдаланушы мәліметтерінің сақтық көшірмелерін міндетті
түрде жасаңыз, осылайша оларды жүйе қалпына келген соң орнына қоясыз.
Жүйені қалпына келтіру қатты дискіні толығымен өшіріп, қатты дискіні қайта форматтайды. Бұл кезде
жасалған барлық деректер файлдары жойылады, содан кейін операциялық жүйе, бағдарламалар мен
драйверлер қайта орнатылады. Бірақ, компьютерде өндіруші орнатпаған барлық бағдарламаларды
қайта орнату керек. Бұған компьютермен бірге берілетін ақпарат тасушылардағы бағдарламалар және
сатып алғаннан кейін орнатылған барлық бағдарламалар кіреді. Барлық жеке файлдарды жасалған
сақтық көшірмелер арқылы қалпына келтіру қажет.
Егер жүйені қалпына келтіру DVD дискілерін немесе USB флэш жадын жасай алмасаңыз, қолдау
орталығынан қалпына келтіру дискілерінің жинағына тапсырыс бере аласыз. http://www.hp.com/
support бөліміне кіріп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жүйені қалпына келтіру бағдарламасын пайдалану алдында әрқашан қатеден кейін
жүйені қалпына келтіру процедурасын орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру (28-бет) бөлімін қараңыз.
Жүйені қалпына келтіруді орындау үшін келесі әдістердің бірін таңдауға болады:
28 11-тарау Windows 7 Professional, Windows Embedded Standard 7 және Windows Embedded POSReady
7 жүйелерінде сақтық көшірме жасау, қайта сақтау және қалпына келтіру