Getting started

9. Жүйені қалпына келтіру басталады. Жүйені қалпына келтіру аяқталғаннан кейін компьютерді
қайта іске қосу үшін Готовояқтау) түймесін басыңыз.
10. Windows жүктелген кезде, компьютер жұмысын аяқтап, барлық перифериялық құрылғыларды
қайта жалғап, компьютерді қайта іске қосыңыз.
Windows жауап бермеген кезде жүйені қалпына келтіру
ЕСКЕРТУ: Жүйені қалпына келтіру жасалған немесе орнатылған барлық деректерді және
бағдарламаларды жояды.
Егер Windows жүйесі жауап бермей, компьютер істеп тұрса, жүйені төмендегі қадамдарды орындап
қалпына келтіріңіз.
1. Компьютерді өшіріңіз. Қажет болса, қуат түймесін компьютер өшкенше басып тұрыңыз.
2. Компьютерден монитор, пернетақта және тінтуірден басқа барлық перифериялық
құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді қосу үшін, қуат түймесін басыңыз.
4. HP логотипі экранын көргеннен кейін экранда Windows файлдарды жүктеуде… көрінбейінше
пернетақтадағы f11 пернесін дереу қайталап басыңыз.
5. HP қалпына келтіру бөлшегі менеджері экранындағы нұсқауларды орындаңыз.
6. Windows жүктелген кезде, компьютер жұмысын аяқтап, барлық перифериялық құрылғыларды
қайта жалғап, компьютерді қайта іске қосыңыз.
Қалпына келтіру медиасын қолданып, жүйені қалпына келтіру (тек
таңдаулы үлгілерде)
Егер қалпына келтіру медиасын HP Recovery Manager-ді қолдана отырып, қалпына келтіру медиасын
жасау (таңдаулы үлгілерде ғана) (25-бет) қолданып жасаған болсаңыз, осы бөлімде берілген
қадамдарды орындаңыз. Егер амалдық жүйе DVD дискісі мен Драйверді қалпына келтіру дискісін
жасақтау үшін HP Recovery Disc Creator (HP қалпына келтіру дискін жасақтаушы) бағдарламасын
қолдансаңыз, HP жүйесінің қалпына келтіру дискілерін қолдану (тек таңдаулы үлгілерде) (31-бет)
бөліміндегі қадамдарды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: Жүйені қалпына келтіру жасалған немесе орнатылған барлық деректерді және
бағдарламаларды жояды. Ықшам немесе DVD дискіге немесе USB флэш жадына барлық маңызды
деректердің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Қалпына келтіру ақпарат тасушыларының көмегімен жүйені қалпына келтіру үшін:
1. Егер DVD дискілері жинағын пайдаланып жатсаңыз, DVD драйвері науасына 1-қалпына келтіру
дискісін салып, науаны жабыңыз. Егер қалпына келтіру USB флэш жадын пайдаланып жатсаңыз,
оны USB портына қайта қосыңыз.
2. Пуск (Бастау) түймесін басып, одан кейін Завершение работыұмысты аяқтау) параметрін
таңдаңыз.
– немесе –
Компьютер жауап бермей жатса, қуат түймесін 5 секундтай немесе компьютер өшкенше басып
тұрыңыз.
3. Компьютерден монитор, пернетақта және тінтуірден басқа барлық перифериялық
құрылғыларды ажыратыңыз.
30 11-тарау Windows 7 Professional, Windows Embedded Standard 7 және Windows Embedded POSReady
7 жүйелерінде сақтық көшірме жасау, қайта сақтау және қалпына келтіру