Getting started
4. Компьютерді қосу үшін қуат түймесін басыңыз, компьютер қосылу барысында бастау мәзірін
көрсету үшін, Esc түймесін басыңыз.
5. Іске қосу мәзірін таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып, Enter түймесін басыңыз. Қалпына
келтіру медиасы (USB немесе DVD) салынған жерді таңдау үшін көрсеткі пернелерін
пайдаланыңыз. Сол құрылғыдан іске қосу үшін Enter пернесін басыңыз.
6. Қалпына келтіру реттегіші жүйені қалпына келтіруді тасымалдағыштан не қатты дисктен іске
қосуды сұраса, Тасымалдағыш опциясын таңдаңыз. Бастапқы экранда Жедел көмек қажет
бөлімінің астындағы Сброс параметров (Зауыттық параметрлерге қалпына келтіру) түймесін
басыңыз.
7. Файлдардың сақтық көшірмесін жасау сұралса және оны әлі орындамаған болсаңыз, Алдымен
файлдардың сақтық көшірмесін жасау (ұсынылған) түймесін басып, Следующий (Келесі)
түймесін басыңыз. Кері жағдайда Файлдардың сақтық көшірмелерін жасамай қалпына
келтіру түймесін басып, содан кейін Следующий (Келесі) түймесін басыңыз.
8. Егер келесі қалпына келтіру дискісін салу ұсынылса, солай істеңіз.
9. «Диспетчер восстановления» бағдарламасы жұмысын аяқтағанда, жүйеден қалпына келтіру
дискісін немесе қалпына келтіру USB флэш жадын алыңыз.
10. Компьютерді қайта қосу үшін Готово (Аяқтау) түймесін басыңыз.
HP жүйесінің қалпына келтіру дискілерін қолдану (тек таңдаулы үлгілерде)
Егер амалдық жүйе DVD дискісі мен Драйверді қалпына келтіру дискісін жасақтау үшін HP Recovery
Disc Creator (HP қалпына келтіру дискін жасақтаушы) бағдарламасын қолдансаңыз осы бөлімде
берілген қадамдарды орындаңыз. HP Recovery Manager-ді қолдана отырып, қалпына келтіру
медиасын жасау (таңдаулы үлгілерде ғана) (25-бет) қолдана отырып, қалпына келтіру медиасын
жасасаңызҚалпына келтіру медиасын қолданып, жүйені қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде)
(30-бет) бөліміндегі қадамдарды орындаңыз.
HP қалпына келтіру дискін жасақтаушысы арқылы жасалған дискілерді қолдана алмасаңыз (тек
таңдаулы үлгілерде), компьютерді қайта бастап, амалдық жүйені жөндеу үшін амалдық жүйе DVD-ін
сатып алу керек.
Амалдық жүйе DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, қолдау бөлімімен байланысыңыз.
http://www.hp.com/support бөліміне кіріп, мемлекетті немесе аймақты таңдаңыз, содан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows Embedded Standard 7 не Windows Embedded POSReady 7 операциялық жүйесінің
DVD дискін пайдалансаңыз, қатты дисктегі мазмұнды толықтай өшіріп, қатты дискті қайта пішімдейді.
Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құралдар
біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сондай-
ақ драйверлерді, бағдарламалық құралдарды және утилиталарды қалпына келтіруге көмектеседі.
Windows Embedded Standard 7 не Windows Embedded POSReady 7 операциялық жүйе DVD дискісінің
көмегімен қалпына келдіру үшін:
ЕСКЕРТПЕ: Бұл процесс бірнеше минутқа созылады.
Жүйені қалпына келтіріп жөндеу 31