Getting started
1 Бағдарламаны орнату және теңшеу
Егер компьютеріңіз Microsoft операциялық жүйесінсіз жеткізілсе, бұл құжаттың кейбір бөліктері
қолданылмайды. Қосымша мәліметтер операциялық жүйені орнатқаннан кейін онлайн анықтамада
қол жетімді болады.
ЕСКЕРТУ: Операциялық жүйені орнату сәтті аяқталғанша компьютерге қосымша құрылғыларды
немесе үшінші тарап құрылғыларын қоспаңыз. Бұл қателер тудыруы және операциялық жүйенің
дұрыс орнатылуына кедергі келтіруі мүмкін.
Windows операциялық жүйесін орнату
Компьютерді бірінші рет қосқанда, операциялық жүйе автоматты түрде орнатылады. Қандай амалдық
жүйе орнатылғанына байланысты бұл процесс шамамен 5 - 10 минут алады. Орнатуды аяқтау үшін
экрандағы нұсқауларды мұқият оқыңыз және орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: Автоматты түрде орнату басталғаннан кейін ПРОЦЕСС АЯҚТАЛҒАНША КОМПЬЮТЕРДІ
ӨШІРМЕҢІЗ. Орнату барысында компьютерді өшіру компьютерде орындалып жатқан
бағдарламаларды зақымдауы немесе орнатуды дұрыс орындауға кедергі жасауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютердің қатты дискісінде амалдық жүйенің бірнеше тілі орнатылған болса,
орнату процесі 60 минутқа дейін алуы мүмкін.
Windows жаңарту файлдарын жүктеу
1. Интернет қосылымын орнату үшін Пуск (Бастау) түймесін, Internet Explorer бағдарламасын
таңдап, содан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
2. Жаңарту файлдары мен қызмет бумаларын тауып, орнатыңыз.
●
Windows 10 Pro және Windows 10 IoT Enterprise for Retail
◦
а. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесіне update немесе windows update
сөздерін теріп, Жаңарту файлдарын тексеру бөлімін таңдаңыз.
ә. Экранның оң жағынан бастап сипап, Все параметры (Барлық параметрлер)
бөлімін, содан кейін Обновление и безопасность (Жаңарту және қауіпсіздік)
бөлімін таңдаңыз.
– немесе –
◦ ▲
Тапсырмалар тақтасының шеткі оң жағындағы хабарландыру аймағында Центр
поддержки (Қолдау көрсету орталығы) белгішесін таңдап, Все параметры
(Барлық параметрлер) бөлімін, содан кейін Обновление и безопасность (Жаңарту
және қауіпсіздік) бөлімін таңдаңыз.
●
Windows 8.1 Pro және Windows Embedded 8.1 Industry Pro Retail
а. Шебер түймелерді көрсету үшін меңзерді Бастау экранының жоғары немесе төменгі оң
жақ бұрышына апарыңыз.
ә. Параметры (Параметрлер), Изменение параметров компьютера (Компьютердің
параметрлерін өзгерту) бөлімдерін таңдап, содан кейін Центр обновления Windows
Windows операциялық жүйесін орнату 1