Safety and Environmental Compliance Notes User's Guide

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығуы, электр тогының соғуы қаупін азайту және осы құрылғыны
пайдаланатын адамдардың жарақат алмауы үшін, әрқашан негізгі қауіпсіздік шараларын
қолданыңыз, соның ішінде:
Ванна, раковина, асханадағы ыдыс жуатын жер немесе кір жуғыш машинасы, ылғал қойма
немесе суда жүзу бассейні сияқты ылғал жерлерде өнімді қолданбаңыз.
Бұл құрылғыны найзағай кезінде пайдаланбаңыз. Найзағайдан ток соғу қаупі бар болуы мүмкін.
Газ шығып тұрған жерде өнімді газ шығару туралы хабарлама жіберу үшін пайдаланбаңыз.
Құрылғыны ашу немесе модемнің оралмаған кабелін, ажыратқышын және ішкі модем
құрамдастарын ұстау үшін әрқашан модем кабелін ажыратыңыз.
Егер өнім телефон кабелімен бірге берілмесе, 26 AWG телекоммуникациялық кабелі немесе үлкен
диаметрлі кабелді пайдаланыңыз.
Модем немесе телефон кабелін RJ-45 ажыратқышына (жергілікті желі) қоспаңыз.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАҢЫЗ.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: егер компьютерде 115 В немесе 230 В қуат жүйесінде пайдалануға арналған
кернеуді таңдау қосқышы болса, кернеуді таңдау қосқышы компьютер сатылған белгілі бір елде/
аймақта қолданылатын дұрыс кернеу параметріне алдын ала орнатылады. Кернеуді таңдау
қосқышын дұрыс санға орнатпау компьютердің зақымдануына және кепілдік күшінің жойылуына
әкелуі мүмкін.
Бұл өнім «IT» қуат жүйесіне қосылып сынақтан өткізілген жоқ (бұл қуат жүйесі қолданыстағы сақтық
стандарттарының талаптарына сәйкес жерге тікелей қосылмаған айнымалы ток тарату желісі болып
табылады).
Қызып кетуге байланысты сақтық ережелері туралы
ескертпе
Қызып кету себебінен жарақат алу қаупі болса, осы ескертпені пайдаланыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетуге байланысты зақымдарды немесе мобильді компьютердің қатты
қызып кету жағдайын азайту үшін мобильді компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа
желдеткішін бітемеңіз. Мобильді компьютерді тек қатты, тегіс беткейге қойып пайдаланыңыз.
Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем не мата сияқты жұмсақ
беткейдің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз. Компьютермен жұмыс істеу кезінде айнымалы ток
адаптерінің дене немесе жастық, кілем немесе киім сияқты жұмсақ заттармен қатынасуына да жол
бермеңіз. Мобильді компьютер және айнымалы ток адаптері қолданыстағы сақтық стандарттарында
анықталған пайдаланушының кіру рұқсаты бар беткейлердің температура шектеулерімен сәйкес
келеді.
Мүмкін қауіпсіздік жағдайлары
Бұл ескертпені ақаулықтың қауіпсіз емес және басқарылмайтын күйі туралы пайдаланушыларды
ескерту үшін пайдаланыңыз.
Сатырлау, ысылдау немесе жарылу дыбысы естілсе, компьютер ішінен қатты иіс немесе түтін шықса,
(немесе басқа да қауіпсіздік мәселелері туралы сұрақ болса), компьютерді пайдаланбаңыз. Ішкі
электрондық бөлік қауіпсіз және басқарылатын күйде істен шыққан кезде бұл қалыпты құбылыс.
Бірақ аталған жағдайлар мүмкін қауіпсіздік проблемасының орын алғанын көрсетуі мүмкін. Бұл
қауіпсіз проблема екенін ойлауға болмайды. Компьютерді өшіріп, оны қуат көзінен ажыратып, көмек
алу үшін техникалық қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Қызып кетуге байланысты сақтық ережелері туралы ескертпе 15