User's Guide

Сол жақ
Кесте 2-2 Сол жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат ұясы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
(2) Айнымалы ток адаптері мен батарея
индикаторы
Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
толығымен зарядтаулы.
Ақ түсте жыпылықтау: айнымалы ток адаптері
ажыратылды және батарея заряды төмен батарея
деңгейіне жетті.
Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядталуда.
Өшірулі: батарея зарядталмайды.
(3) RJ-45 (желі) ұясы/күй индикаторлары Желілік кабелді қосады.
Ақ: желі қосылған.
Сары: желіде әрекет орын алуда.
(4) HDMI ұясы Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(5) USB SuperSpeed ұялары (2) Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
(6) Біріктірілген аудио шығыс (құлақаспап
үшін)/аудио кіріс (микрофон үшін) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша
автономды микрофонды қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін Қауіпсіздікке
және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік
туралы ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
Документация НР (НР құжаттары) деп тапсырмалар
іздеу жолағына жазып, одан кейін Документация НР
(НР құжаттары) опциясын таңдаңыз.
6 2-тарау Компьютермен танысу