User's Guide
© Copyright 2018, 2019 HP Development
Company, L.P.
Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі
болып табылады және оны HP Inc.
компаниясы лицензия бойынша
пайдаланады. Intel, Celeron және Pentium –
АҚШ және/немесе басқа елдердегі Intel
корпорациясының немесе еншілес
компанияларының сауда белгілері.
Miracast® – Wi-Fi Alliance компаниясының
тіркелген сауда белгісі. Windows – тіркелген
сауда белгісі немесе АҚШ және/немесе
басқа елдердегі Microsoft корпорациясының
сауда белгісі.
Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз
өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне
кепілдік тек осындай өнімдермен және
қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік
мәлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы
ешқандай мәліметтер қосымша кепілдік деп
түсінілмеуі тиіс. HP компаниясы осы
құжаттағы техникалық немесе редакторлық
қателерге, не болмаса қалып кеткен
мәліметтер үшін жауапты емес.
Үшінші басылым: тамыз, 2019 ж.
Бірінші басылым: сәуір, 2018 ж.
Құжат бөлігінің нөмірі: L19676-DF3
Өнім ескертуі
Бұл нұсқаулықта көптеген өнімдерге ортақ
мүмкіндіктер сипатталған. Кейбір
мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы
мүмкін.
Барлық мүмкіндіктер кейбір Windows
шығарылымдарында немесе нұсқаларында
жұмыс істемеуі мүмкін. Windows жүйесінің
мүмкіндіктерін толығымен пайдалану үшін
жүйелердегі аппараттық құралды,
драйверлерді, бағдарламалық құралды
немесе BIOS жаңарту және/немесе бөлек
сатып алу қажет болуы мүмкін. Windows 10
автоматты түрде жаңартылады және бұл
функция әрқашан қосулы болады. ISP
ақылары алынуы және жаңартуларға біраз
уақыт қосымша талаптар қойылуы мүмкін.
Мәліметтер бойынша
http://www.microsoft.com бөліміне өтіңіз.
Пайдаланушы нұсқаулықтарының соңғы
нұсқасын ашу үшін http://www.hp.com/
support бетін ашып, өніміңізді табу
нұсқауларын орындаңыз. Содан кейін
Руководства пользователя (Пайдаланушы
нұсқаулықтары) бөлімін таңдаңыз.
Бағдарламалық құралды пайдалану
шарттары
Осы дербес компьютерде алдын ала
орнатылған кез келген бағдарламалық
құрал өнімін орнату, көшіру, жүктеп алу
немесе басқа жолмен пайдалану арқылы,
HP Түпкі пайдаланушы лицензиялық
келісіміне (EULA) бағынуға келісесіз. Егер сіз
осы лицензиялық шарттармен келіспесеңіз,
қолданылмаған өнім қаражатын қайтару
ережелеріне сәйкес төленген қаражатты
толық қайтарып алу үшін пайдаланбаған
өнімді (аппараттық және бағдарламалық
құралды) 14 күн ішінде сатушыға
қайтаруыңызға болады.
Қосымша ақпарат алу немесе компьютердің
ақысын толық қайтаруды сұрау үшін
сатушыға хабарласыңыз.