User's Guide
Кесте 2-6 Түйме, желдеткіш саңылауы, үндеткіштер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат түймесі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін
түймені басыңыз.
● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймені тез басып қалыңыз.
● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен (тек
таңдаулы өнімдерде) шығу үшін түймені тез басып
қалыңыз.
● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймені тез басып қалыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қуат түймесін басып тұрғанда,
сақталмаған ақпарат жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатып, өшіру процедуралары
көмектеспесе, компьютерді өшіру үшін қуат түймесін кем
дегенде 5 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан
қараңыз:
▲ Питание (Қуат) белгішесін тінтуірдің оң жақ
түймесімен басып, Электропитание (Қуат
параметрлері) тармағын таңдаңыз.
(2) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
(3) Желдеткіш саңылауы Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
Пернетақта аумағы 11