User's Guide
Арнайы пернелер
Кесте 2-7 Арнайы пернелер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде, жүйе ақпараты
көрсетіледі.
(2) fn пернесі Басқа пернемен бірге басылған кезде белгілі бір
функцияларды орындайды.
(3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау)
мәзірі жабылады.
(4) Әрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Әрекет пернелері (12-бет) бөлімін қараңыз.
(5) num lock пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын және
сандар функциясын атқарады.
(6) Кірістірілген сандық пернетақта Әріптік пернетақтаның оң жағында орналасқан бөлек
пернетақта. num lock пернесі басылған кезде, пернетақтаны
сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Өшірілген компьютерде белсенді болып тұрған
пернетақта функциясы, компьютер қайта қосылғанда,
қалпына келеді.
Әрекет пернелері
Компьютердегі әрекеттер пернелері арнайы функцияларды орындайды және бұл пернелер
компьютерге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Компьютерде пернелердің қайсысы бар екенін
анықтау үшін пернетақтадағы белгішелерге қарап, оларды кестеде берілген сипаттамалармен
сәйкестендіріңіз.
▲ Әрекет пернесін пайдалану үшін оны басып ұстап тұрыңыз.
12 2-тарау Компьютермен танысу