User's Guide

Кесте 2-8 Әрекет пернелері және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Белгіше Сипаттама
Сенсорлы тақтаны қосады немесе өшіреді.
Ұшу режимін және сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.
ЕСКЕРТПЕ: Ұшу режимі пернесі де сымсыз байланыс түймешігі деп саналады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Астыңғы жағы
Кесте 2-9 Астыңғы жағындағы бөліктер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
Желдеткіш саңылауы Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату
үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде
қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып,
біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. Жапсырмалар қағаз пішінде немесе өнімде
басылған күйінде болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі
орындарға қараңыз: компьютердің астыңғы жағында, батарея ұясында, қызмет көрсету есігінің
астында, дисплейдің артында немесе планшеттің қайырмалы тірегінің астыңғы жағында.
Қызмет көрсету жапсырмасы:компьютерді анықтау үшін маңызды ақпаратты береді. Қолдау
қызметімен хабарласу кезінде сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін.
Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл ақпаратты табыңыз.
14 2-тарау Компьютермен танысу