User's Guide
GPS пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері
орналасу, жылдамдық және бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған
жүйелерге жібереді.
GPS мүмкіндігін қосу үшін орналасқан орнының "Орналасқан орны параметрлері" астынан
қосылғанына көз жеткізіңіз.
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында местоположение (орналасқан орны) деп теріп,
Параметры конфиденциальности сведений о местонахождении (Орынның құпиялылық
параметрлері) опциясын, одан кейін параметрдің өзін таңдаңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель
қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
● Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук)
● Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
● Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
● Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
● Тінтуір
● Сыртқы пернетақта
Bluetooth құрылғыларын қосу
Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату қажет.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Bluetooth и другие
параметры устройства (Bluetooth және құрылғының басқа параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Егер Bluetooth әлі қосылмаған болса, оны қосыңыз.
3. Добавление Bluetooth или другого устройства (Bluetooth немесе басқа құрылғыны қосу)
тармағын таңдаңыз, одан кейін Добавить устройство (Құрылғыны қосу) тілқатысу терезесінде
Bluetooth опциясын таңдаңыз.
4. Құрылғыңызды тізімнен таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құптау қажет болса, жұптастыру коды көрсетіледі. Жұптастыру коды мен
құрылғыңыздың кодының сәйкес болуын тексеру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін, құрылғымен бірге берілген құжаттарды қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғыңыз тізімде болмаса, сол құрылғыдағы Bluetooth мүмкіндігінің қосулы екенін
тексеріңіз. Кейбір құрылғылардың қосымша талаптары болуы мүмкін. Құрылғымен бірге берілген
құжаттарды қараңыз.
Сымсыз желіге қосылу 19