User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер Расширитьеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы
құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Пуск (Бастау) түймешігін
басыңыз, Параметры (Параметрлер) белгішесін , кейін Системаүйе) опциясын таңдаңыз.
Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения
(Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне және дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне
интерфейсі болып табылады
. HDMI теледидарын компьютерге жалғанғаннан кейін, келесі
қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения
(Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында сандық шығыс құрылғысының атын нұқыңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения
(Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек
таңдаулы өнімдерде)
Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast®-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу
және оларға қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
Miracast ашу үшін:
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында демонстрировать (көрсету) сөзін теріп,
Демонстрировать на втором экране (Екінші экранда көрсету) опциясын таңдаңыз. Подключение
к беспроводному дисплею (Сымсыз дисплейге қосылу) пәрменін таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
24 4-тарау Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану