User's Guide
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Устранение неполадок и ошибок (Ақаулықтарды жою және түзету) опциясын таңдап,
Диагностика бөліміндегі HP Battery Check (НР Батарея тексеру) бағдарламасын таңдаңыз. Егер
батареяны ауыстыру керектігі HP Battery Check (HP Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы
анықталған болса, HP қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез бітетін
болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Сыртқы қуат көзіне қосып жұмыс істеу
Сыртқы қуат көзіне жалғау туралы ақпарат алу үшін компьютер қорабында берілген Орнату
нұсқаулары постерін қараңыз.
Компьютер сыртқы қуат көзіне рұқсат етілген айнымалы ток адаптерімен, қосымша қондыру
құрылғысымен немесе кеңейту өнімімен жалғанған кезде компьютер батарея қуатын пайдаланбайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін компьютермен
қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток
адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда, компьютер батареясын зарядтамаңыз.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы қуат көзіне қосыңыз:
● батареяны зарядтағанда немесе тексергенде;
● жүйелік бағдарламалық құралды орнату немесе жаңарту кезінде;
● жүйенің BIOS нұсқасын жаңарту кезінде;
● ақпаратты дискіге жазғанда (тек таңдаулы өнімдерде);
● ішкі қатты дискілері бар компьютерлерде Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы)
бағдарламасы іске қосылғанда;
● сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде.
Компьютер сыртқы қуат көзіне жалғанған кезде:
● Батарея зарядтала бастайды.
● Экран жарықтығы жоғарылайды.
● Қуат белгішесінің көрінісі өзгереді.
Сыртқы қуатты ажыратқан кезде:
● Компьютер батарея қуатына көшеді.
● Батарея зарядын сақтау үшін экран жарықтығы автоматты түрде азаяды.
● Қуат белгішесінің көрінісі өзгереді.
Сыртқы қуат көзіне қосып жұмыс істеу 35