User's Guide

Оң жақ
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат шамы Қосулы: компьютер қосулы.
Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын
«Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер
дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас
бөліктердің қуатын өшіреді.
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту
күйі – ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу
күйі.
(2) Диск шамы Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда.
(3) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақтауға, басқаруға, ортақ пайдалануға немесе
ашуға мүмкіндік беретін қосымша жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Қосқыштарын компьютерге қаратып, картаның
жапсырма жағын жоғары қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық
отырғанша үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
Картаны жад карта оқу құралынан шығарып алыңыз.
(4) USB порты Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректер беруді
қамтамасыз етеді.
(5) Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы
өнімдерде)
Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті оқиды
немесе оптикалық дискті оқып, оған жазады.
(6) Оптикалық дискіні шығару түймешігі (тек
таңдаулы өнімдерде)
Оптикалық диск салғышты шығарады.
(7) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде
әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз
қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Оң жақ 5