User's Guide
Сол жақ
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
(2) Айнымалы ток адаптері мен батарея шамы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
толығымен зарядтаулы емес.
● Ақ түсте жыпылықтау: айнымалы ток адаптері
ажыратылды және батарея заряды төмен батарея
деңгейіне жетті.
● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядталуда.
● Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
(3) RJ-45 (желі) ұясы/күй шамдары Желілік кабелді қосады.
● Ақ: желі қосылған.
● Сары: желіде әрекет орын алуда.
(4) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(5) USB SuperSpeed порттары (2) Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
(6) Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/Аудио кіріс
(микрофон) біріккен ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық
қосымша автономды микрофонды қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын
қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Справка и поддержка HP
(HP анықтамасы және қолдау), одан кейін
Документация HP (HP құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
6 2-тарау Компьютермен танысу