User's Guide
Үш саусақпен сырғыту (сенсорлы тақта және Precision TouchPad)
Әдепкі бойынша үш саусақпен сырғыту ашық бағдарламалар мен жұмыс үстелі арасында
ауыстырады.
● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз.
● Жұмыс үстелін көрсету үшін 3 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз.
● Ашық тұрған терезелер арасында ауысу үшін 3 саусағыңызды сол немесе оң жаққа сырғытыңыз.
Бұл қимылдың Precision TouchPad бағдарламасындағы функциясын өзгерту үшін, Пуск (Бастау),
Параметры (Параметрлер), Устроиства (Құрылғылар) және Сенсорная панель (Сенсорлы тақта)
тармағын таңдаңыз. Жесты тремя пальцами (Үш саусақ қимылдары) бөліміндегі Прокрутки (Жанап
өту) терезесінде қимыл параметрін таңдаңыз.
Төрт саусақпен жанап өту (Precision TouchPad)
Әдепкі бойынша төрт саусақпен жанап өту ашық жұмыс үстелдер арасында ауыстырады.
● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 4 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз.
● Жұмыс үстелін көрсету үшін 4 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз.
● Ашық жұмыс үстелдері арасында ауысу үшін, 4 саусақпен сол немесе оң жаққа сырғытыңыз.
Бұл қимылдың функциясын өзгерту үшін, Пуск (Бастау), Параметры (Параметрлер), Устроиства
(Құрылғылар) және Сенсорная панель (Сенсорлы тақта) тармағын таңдаңыз. Жесты четырьмя
пальцами (Төрт саусақ қимылдары) бөліміндегі Прокрутки (Жанап өту) терезесінде қимыл параметрін
таңдаңыз.
26 5-тарау Экранда шарлау