User's Guide

Ubuntu орнату
HP компаниясы Z сериялы компьютерлеріне алдын ала жүктелетін 64 биттік Ubuntu 14.04 LTS
нұсқасын ұсынады және басқа компьютерлерде 64 биттік Ubuntu 14.04 нұсқасын қолдайды.
Әртүрлі Ubuntu нұсқалары HP жұмыс компьютерлеріндегі Canonical арқылы сертификатталған және
қолдау көрсетілген. Қосымша ақпарат алу үшін http://www.ubuntu.com/certication/desktop
сілтемесіндегі Ubuntu Desktop сертификатталған жабдық іздеу бетіне өтіп, компьютер үлгісін іздеңіз.
HP драйвері дискісін пайдалану
Ubuntu бағдарламалық құрал бумасының жаңартуларын алу үшін тіркелуді талап етпейді. Амалдық
жүйеге бекітілген әр түрлі құралдар арқылы Интернеттегі әр түрлі «репозиторийлерден»
жаңартуларды алуға болады. Тек Интернет қосылымы және прокси қажет болуы мүмкін.
Ubuntu үшін HP берген Linux драйвер дискісі орнату барысындағы тәуелділікті қамтамасыз ету үшін
бірдей механизмге негізделеді. Сондықтан бірдей Интернет қосылымы қажет және ағымдағы
пайдаланушы сеансынан әкімші артықшылықтарына дейін арттыру мүмкіндігіне ие болуы керек.
Кейбір жағдайларда HP сынақтан өткізген сипаттық графикалық драйверлер драйвер дискі арқылы
жеткізілген жалғыз "пайдалы жүктеме" болуы мүмкін.
1. Операциялық жүйені жеке орнату тасушысынан орнатыңыз.
Ubuntu http://www.ubuntu.com сілтемесі бойынша тегін қолжетімді.
2. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
3. HP драйвер дискісін салыңыз. Драйвер орнату бағдарламалық құралы автоматты түрде
басталады.
4. Әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде өріске құпия сөзді енгізіңіз.
5. Жабдық комфигурациясына жарамды драйверлерді орнату үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Сипаттық графикалық драйверлер
Көптеген HP компьютерлерін HP компаниясының кеңейтілген растауынан өткен графикалық
карталармен бірге алуға болады. Қолдауы бар карталар тізімі үшін http://www.hp.com/support/
linux_hardware_matrix мекенжайында орналасқан Матрица аппаратной поддержки для рабочих
станций HP Linux (HP жұмыс бекеттеріне арналған Linux аппараттық қолдау матрицасы) құжатынан
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерлерде барлық графикалық карталар берілмеген. Қуатты аз тұтынатын
компьютерлерде қуатты көп қолданатын карталарға шектеу енгізіледі.
HP үшінші тарап меншіктік графикалық драйверлеріне қолдау көрсетеді. Графиканы жеткізушілер
тізімі Z сериялы компьютерлерге алдын ала жүктелетін SLED 11 мен Ubuntu нұсқасынан және
https://support.hp.com/us-en/products/workstations-thin-clients/ мекенжайындағы HP қолдау
қызметінен қарап шығуға болады.
Бұл меншіктік драйверлер RHEL, SLED немесе Ubuntu таратуларының стандартты бөлгі емес, себебі
олар ашық көздерге жатпайды. Драйвер жаңартулары HP қолдау веб-торабындағы драйверлерден
жаңалау болады, себебі өндірушіден тікелей қолдау көрсетілген.
32 5-тарау Linux жүйесін орнату