User's Guide

Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша
жүктеп алу
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдер үшін бағдарламалық құралды өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша
жүктеу қажет.
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша жүктеп алу
үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. http://www.hp.com/support веб-сайтына өтіңіз.
2. Загрузка ПО и драйверовағдарламалық құрал және драйверлерді жүктеп алу) санатын
таңдап
, құрылғының түрін таңдаңыз, одан кейін іздеу жолағында өнім атауын немесе нөмірін
теріңіз де, компьютер үлгісін және операциялық жүйені таңдаңыз.
3. Өнімге қажетті Remote UEFI нұсқасын таңдау және жүктеп алу үшін, Diagnostics (Диагностика)
бөлімінде берілген экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI параметрлерін реттеу
Computer Setup (BIOS) ішіндегі Remote HP PC Hardware Diagnostics параметрі арқылы мына әрекеттерді
орындауға болады:
Диагностиканы қадағалаусыз орындау кестесін орнату. Сондай-ақ диагностиканы интерактивтік
режимде бірден бастау үшін Execute Remote HP PC Hardware Diagnostics опциясын таңдаңыз.
Диагностикалау құралдарын жүктеп алу орнын орнатыңыз. Бұл мүмкіндік HP веб-сайтындағы
немесе пайдалануға алдын ала теңшелген сервердегі құралдарға қатынасты береді. Компьютер
қашықтағы диагностиканы орындау үшін дәстүрлі жергілікті жад құрылғысын (мысалы,
жинақтағыш диск немесе USB флэш-жад құралы) талап етпейді.
Тексеру нәтижелерін сақтау орнын орнату. Жүктеп салу үшін пайдаланылатын пайдаланушы аты
мен құпия сөз параметрлерін орнатуға болады.
Бұрын орындалған диагностика туралы күй ақпаратын көрсету.
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI параметрлерін реттеу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді өшіріп қайта
іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
2. Advanced (Қосымша), одан кейін Parameters (Параметрлер) опциясын таңдаңыз.
3. Теңшеу таңдауларын жасаңыз.
4. Параметрлерді сақтау үшін Main (Негізгі) опциясын, кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді
сақтау және шығу) опциясын таңдаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
52 10-тарау HP PC Hardware Diagnostics пайдалану