Жабдықтың анықтамалық нұсқаулығы HP EliteDesk 800 G2 SFF бизнес компьютері
© Copyright 2015 HP Development Company, L.P. Microsoft және Windows – Microsoft компаниялар тобының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері. Осы жердегі мәліметтер ескертусіз өзгертілуі мүмкін. HP өнімдері мен қызметтеріне арналған жалғыз кепілдік – осындай өнімдермен және қызметтермен бірге берілетін тікелей кепілдіктер. Осы құжаттағы басқа еш нәрсе кепілдік деп қаралмайды. HP компаниясы осы жерде кездескен техникалық немесе өңдеу қателері не жетіспеушіліктері үшін жауапты болмайды.
Осы кітап туралы Бұл нұсқаулық HP EliteDesk Business ДК жаңарту үшін қажет негізгі ақпаратпен қамтамасыз етеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылай жіберілген мәтін нұсқауларды орындамаудың дене жарақатына немесе өлімге себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Осылай жіберілген мәтін нұсқауларды орындамаудың құрылғы зақымдануына немесе ақпараттың жоғалуына себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТПЕ: Осылай жіберілген мәтін маңызды қосымша ақпарат береді.
iv Осы кітап туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ...................................................................................................................................... 1 Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері .................................................................................................. 1 Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері .............................................................................................................. 2 Артқы тақта құрамдас бөлшектері ........................
Кабель құлпы ................................................................................................................................... 38 Ілмелі құлып .................................................................................................................................... 38 HP бизнес ДК қауіпсіздік құлпы V2 ................................................................................................ 38 Алдыңғы жапқыш қауіпсіздігі .....................................................
1 Өнім мүмкіндіктері Стандартты конфигурациялау мүмкіндіктері Мүмкіндіктер үлгіге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Компьютеріңіздің үлгісінде орнатылған құрал және бағдарламалық құрал туралы көбірек білу үшін және қолдау көмекшісін ашу үшін HP Support Assistant қызметтік бағдарламасын іске қосыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Осы компьютер үлгісінің мұнара бағытында немесе жұмыс үстелі бағытында пайдалануға болады.
Алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері Диск конфигурациясы үлгіге қарай әр түрлі болады. Кейбір үлгілерде жіңішке оптикалық диск ұясын жабатын бітеуіш бар. 1 Жұқа оптикалық диск (қосымша) 6 Құлаққап қосқышы 2 USB 2.0 зарядтау (қуат берілетін) порты (қара) 7 Қос күйлі қосу түймесі 3 USB 2.0 ұясы (қара) 8 Оптикалық драйвтың жұмыс шамы 4 USB 3.
Артқы тақта құрамдас бөлшектері 1 PS/2 тінтуір қосқышы (жасыл) 7 PS/2 пернетақта қосқышы (күлгін) 2 Сериялық қосқыш 8 DisplayPort мониторының қосқыштары 3 RJ-45 желі қосқышы 9 VGA мониторын қосқыш 4 S4/S5 мүмкіндігінен (қара) ізі бар USB 3.0 порттары 10 USB 3.0 порттары (көк) 5 Аудионың кіріс қосқышы (көк) 11 Қосылған аудио құралдардың шығыс қосқышы (жасыл) 6 Қуат сымының қосқышы ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясынан қосымша сериялық порт және қосымша параллель портқа тапсырыс беруге болады.
Сериялық нөмір орны Әрбір компьютерде компьютердің сыртында орналасқан сериялық нөмір және өнімнің жеке анықтағыш нөмірі бар. Тұтынушыларға қолдау көрсету орталығынан көмек алу үшін қоңырау шалған кезде, осы нөмірді дайындап отырыңыз.
2 Құрылғы жаңартулары Қызмет көрсету функциялары Бұл компьютердің жаңартуды және қызмет көрсетуды жеңілдететін функциялары бар. Torx T15 немесе жалпақ ұшты бұрауыш осы тарауда сипатталған кейбір орнату процедуралары үшін қажет. Ескертулер мен сақтандырулар Жаңартуларды орындау үшін алдымен осы нұсқаулықта берілген барлық қолданыс нұсқауларын, сақтандыруларды және ескертулерді оқып шығыңыз.
Компьютердің алынбалы панелін алу Ішкі құрамдас бөлшектерді алу үшін, алынбалы панельді алып тастауыңыз қажет: 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
Компьютердің алынбалы панелін ауыстыру Алынбалы панельдің алдыңғы шетіндегі қойындыларды шассидің (1) алдыңғы дөңесінің астына сырғытып, алынбалы панельдің артқы шетін шассиге басыңыз да, бұрандасын мықтап (2) бұраңыз.
Алдыңғы жапқышын алу 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады.
Жіңішке оптикалық дискінің бітеуіш жапқышын алу Кейбір үлгілерде жұқа оптикалық дискінің саңылауын жабатын қақпақша болады. Оптикалық дискіні орнатпас бұрын бітеуіш жапқышты алыңыз. Бітеуіш жапқышты алу: 1. Компьютердің алынбалы панелі мен алдыңғы жапқышын алыңыз. 2. Жіңішке оптикалық дискінің бітеуіш жапқышын алу үшін бітеуіш жапқышты орнында ұстайтын үш қысқыш ілгекті ішке қарай басып (1), бітеуіш жапқышты алдыңғы қақпақтан бұру үшін оны ішке қарай тартыңыз (2).
Алдыңғы жапқышын ауыстыру Жапқыштың төменгі жағындағы үш ілгекті шассидің төртбұрыш саңылауына (1) енгізіңіп, жапқыштың жоғарғы жағын шассиге (2) бұраңыз да, орнына сырт еткізіп қойыңыз.
Жұмыс үстелінен мұнара конфигурациясына өзгерту Шағын форм-фактор компьютерін тік бағытында HP компаниясынан сатып алуға болатын қосымша тігінен орналасқан тұғыр арқылы қолдануға болады. 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4.
Жүйе тақтасының жалғаулары Үлгіңізге арналған жүйе тақтасын анықтау үшін келесі суреттер мен кестелерді қараңыз.
Қосымша жад орнату Компьютер 4 синхронды динамикалық ерікті жетімділік жады (DDR4-SDRAM) орнатылған жад модульдерімен (DIMM құралдар) жабдықталған. DIMM құралдар Жүйе тақтасындағы жад ұяшықтары төрт өнеркәсіптік-стандартты DIMM құралдарымен толтырылуы мүмкін. Бұл жад ұяшықтарында кем дегенде бір алдын ала орнатылған DIMM болады. Жад қолдауын барынша көп қолдану үшін, жүйе тақтасына 64 Гб-қа дейін орындауы жоғары қос арналы режимде жиналған жад орнатуға болады.
● Егер А арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығы В арнасындағы DIMM жадының толық сыйымдылығына тең болмаса, жүйе икемді режимінде жұмыс істейді. Икемді жүйесінде ең аз жад мөлшері бар арна қос арнаға тағайындалған толық жад мөлшерін және жалғыз арнаға тағайындалған қалдықты сипаттайды. Оңтайлы жылдамдық үішн, арналар жадтың үлкен көлемінің екі арналар араларында таралатындай теңестірілуі қажет. Егер бір арнаның жады басқасынан қарағанда артық болса, үлкендеу мөлшері А арнасына тағайындалуы тиіс.
7. Жад модулінің ұяшығының қос ысырмасын (1) ашыңыз да, жад модулін ұяшыққа (2) салыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Жад модулін тек бір жолмен орнатуға болады. Модульдің кертпелерін жад ұяшығының ілгегіне дәлдеңіз. Ақ түсті DIMM ұяшықтарынан бұрын қара түсті DIMM ұяшықтарын толтырыңыз. Жоғары орындаулар үшін, ұяшықтарды А арнасы мен В арнасының жад сыйымдылығы тең болатындай толтырыңыз. Толығырақ ақпарат үшін DIMM ұяшықтарын толтыру (13-бет) бетті қараңыз. 8.
Кеңейту картасын алу немесе орнату Компьютердің екі PCI Express x1 кеңейту ұялары, бір PCI Express x16 кеңейту ұясы және бір x4 ұясына қосылатын бір PCI Express x16 кеңейту ұясы бар. ЕСКЕРТПЕ: PCI Express ұяшықтары тек қана төмен профайл карталарына қолдау көрсетеді. PCI Express x1, x4, x8, немесе x16 кеңейту карталарын PCI Express x16 ұяшығына орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Орнатылған кеңейту картасын алу үшін, кеңейту картасына жалғанып тұрған барлық кабельдерді ажыратыңыз. а. Егер кеңейту картасын бос ұяшыққа орналастырсаңыз, шассидің артындағы қажетті кеңейту ұяшығының қақпағын алып тастаңыз. Ұяшық қақпағын шассидің ішінен түзу жоғары қарай тартып алыңыз. ә. PCI Express x1 кәртішкесін алып тастап жатқан болсаңыз, кәртішкені әрбір ұшынан ұстап, ақырын кері шайқаңыз да, қосқыштар ұядан босағанша күшпен тартыңыз.
б. Егер PCI Express x16 картасын алу қажет болса, кеңейту ұяшығының артындағы ұстағышын картадан тартып алыңыз да, картаны ұяшықтан шыққанша абайлап артқа және алға қозғаңыз. Кеңейту картасын ұяшықтан жоғары қарай түзу тартып алыңыз да, шассидің жақтауынан босату үшін шассидің ішінен қашықтатыңыз. Картаны басқа бөлшектеріне соғып аламаңыз. 10. Алынған картаны антистатик материалмен ораңыз. 11. Егер жаңа кеңейту картасын салу қажет болмаса, ашық ұяшықты жабу үшін, ұяшықтың қақпағын орнатыңыз.
12. Жаңа кеңейту картасын орнату үшін жүйе тақтасының кеңейту ұяшығының үстіне тақап ұстап тұрыңыз да, картаның тетікшелері шассидің артындағы саңылауға дәл келетіндей етіп шасиидің артына (1) қарай картаны жылжытыңыз. Картаны жүйе тақтасындағы кеңейту ұяшығына (2) төмен қарай тура басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кеңейту картасын орнатқанда жалғағыш толығымен кеңейту ұяшығында дұрыс орналасатындай етіп картаны қаттырақ басыңыз. 13. Кеңейту картасын сақтандыру үшін ұяшық қақпағының ұстағышын айналдырып орнына қойыңыз.
17. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 18. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз. 19. Қажет болса, компьютер конфигурациясын қайта орындаңыз.
Диск орындары 1 9,5 мм жіңішке оптикалық диск бөлімі 2 3,5 дюймдік бастапқы қатты диск орны 3 3,5 дюймдік екінші қатты диск орны 4 2,5 дюймдік қатты диск саңылауы ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіздегі драйв конфигурациясы жоғарыда көрсетілген драйв конфигурациясынан бөлек болуы мүмкін. Компьютерде орнатылған сақтау құралдарының түрін, өлшемін растау үшін, компьютер орнатуларын қосыңыз.
Дискіні орнату және алу Драйвтарды орнататын кезде келесі нұсқаулықтарды орындаңыз: ● Негізгі сериялық ATA (SATA) қатты дискісі жүйе тақтасындағы SATA0 таңбасы бар қою көк түсті негізгі SATA жалғағышына жалғануы керек. ● Екінші қатты дискілер мен оптикалық дискілерді жүйе тақтасындағы бір ашық-көк SATA жалғағышына қосыңыз (SATA1 және SATA2 деген жапсырмалары бар).
9,5 мм жіңішке оптикалық дискіні шығарып алу ЕСКЕРТУ: Компьютерден драйвты алғанда барлық алынбалы медианы драйвтан алып тастау қажет. 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек. 24 5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз. 6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз.
9. Оптикалық дискіні саңылауға алдыңғы шасси арқылы орнына түскенше сырғытып салыңыз (1), одан кейін қуат кабелін (2) және дерек кабелін (3) дискінің артқы жағына жалғаңыз. 10. Дерек кабелінің басқа ұшын жүйе тақтасындағы ашық-көк SATA қосқыштарына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Жүйе тақтасының диск жалғағыштарының суретін мына жерден қараңыз: Жүйе тақтасының жалғаулары (12-бет). 11. Алдыңғы бітеуіш жапқыш алынған болса, орнына салыңыз. 12. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 13.
26 6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. 7. Қатты драйвтың артынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) ажыратыңыз. 8. Қатты дисктің қасындағы босату ілгегін сыртқа қарай тартыңыз (1). Босату ілгегін басып тұрып, дискіні артқа қарай тоқтағанша итеріңіз, одан кейін дискіні көтеріп, саңылаудан шығарыңыз (2).
9. Қатты драйвты орнату үшін ескі жетектің бекіту бұрандаларын жаңа драйвқа ауыстыруыңыз керек. 10. Бекітетін бұрандаларды шасси жетек қуысындағы саңылаулармен қатарластырыңыз, қатты драйвты ұяшықтың ішіне қарай төмен басыңыз, тоқтап, орнына түскенше алға қарай сырғытыңыз.
11. Қуат кабелін (1) және дерек кабелін (2) қатты драйвтың артына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Бастапқы аппараттық құралға арналған деректер кабелі кез келген аппараттық құралдың жұмысына ақаулықтар туғызбас үшін жүйе тақтасындағы SATA0 деп таңбаланған қоңыр көк қосқышқа жалғануы қажет. 12. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 13. Егер компьютер тұғырда тұрса, тұғырды ауыстырыңыз. 14. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 15.
7. Диск корпусын өзінің дұрыс күйіне айналдырыңыз. 8. Қатты драйвтың артқы жағынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) ажыратыңыз. Жетектің ұясының (3) бүйіріндегі құлақшасын басып, жетек ұясынан (4) жетекті сырғытып шығарыңыз. 9. Жаңа диск орнататын болсаңыз, Қосымша 3,5 дюймдік қатты дискіні орнату (29-бет) қараңыз. Жаңа жетек орнататын болмасаңыз, жетек ұясын төсен қарай бұрып, алынбалы панельді ауыстырыңыз. Қосымша 3,5 дюймдік қатты дискіні орнату 1.
3. Компьютерді жұмыс жүйесі арқылы дұрыстап қосыңыз, одан кейін барлық сыртқы құралдарды өшіріңіз. 4. Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз және барлық сыртқы құралдарды ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса, жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің бүлінуінің алдын алу үшін қуат сымын ажыратып қою керек. 5. Егер компьютер тұғырда тұрса, компьютерді тұғырдан шешіп алыңыз. 6. Компьютердің алынбалы панелін алыңыз. 7.
8. Диск корпусын өзінің дұрыс күйіне айналдырыңыз. 9. Жетекті жетек ұясына (1) сырғытып, қуат сымы (2) мен деректер кабелін (3) қатты дисктің артқы жағына жалғаңыз ЕСКЕРТПЕ: Диск қосымша қатты диск болса, деректер кабелініңз екінші ұшын жүйелік тақтадағы ашық көк SATA қосқыштарының біріне жалғаңыз. Диск негізгі қатты диск болса, деректер кабелінің екінші ұшын күңгірт-көк SATA қосқышына жалғаңыз.
10. Драйв корпусын өзінің қалыпты күйіне қайта айналдырыңыз. ЕСКЕРТУ: Драйвер жәшігін төмен айналдырғанда, оның кабельдерін немесе сымдарын қысып алмаңыз. 11. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 12. Егер компьютер тұғырда тұрса, тұғырды ауыстырыңыз. 13. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 14. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз. 2,5 дюймдік қатты дискіні алу 1.
7. Диск корпусын өзінің дұрыс күйіне айналдырыңыз. 8. Қатты драйвтың артынан қуат сымын (1) және дерек кабелін (2) ажыратыңыз.
9. Дискінің артындағы босату ілгегін сыртқа қарай тартып (1), дискіні тоқтағанша артқа қарай сырғытып, диск саңылауынан төмен қарай тартып шығарыңыз (2). 10. Жаңа диск орнататын болсаңыз, 2,5 дюймдік қатты дискіні орнату (34-бет) қараңыз. Жаңа жетек орнататын болмасаңыз, жетек ұясын төсен қарай бұрып, алынбалы панельді ауыстырыңыз. 2,5 дюймдік қатты дискіні орнату 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2.
7. Төрт қара және көк M3 изоляциялық бекіту бұрандасын орнатыңыз (дискінің әрбір жағында екеуден болады). ЕСКЕРТПЕ: M3 изоляциялық бекіту бұрандасын HP дүкенінен сатып алуға болады. Жетекті ауыстырғанда ескі жетектің төрт бекітетін бұрандасын жаңасына салыңыз. 8. Диск корпусын өзінің дұрыс күйіне айналдырыңыз.
9. Диск саңылауындағы орнату бұрандаларын J ұяшықтарына қарай туралаңыз. Дискіні саңылау ішіне қарай итеріп, орнына түскенше сырғытып салыңыз. 10. Қуат кабелін (1) және дерек кабелін (2) қатты драйвтың артына жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: 2,5 дюймдік қатты диск негізгі диск болса, деректер кабелінің екінші ұшын SATA0 таңбасымен белгіленген жүйелік тақтадағы күңгірт көк SATA қосқышына жалғаңыз. Ол қосымша қатты диск болса, деректер кабелініңз екінші ұшын жүйелік тақтадағы ашық көк SATA қосқыштарының біріне жалғаңыз.
11. Драйв корпусын өзінің қалыпты күйіне қайта айналдырыңыз. ЕСКЕРТУ: Драйвер жәшігін төмен айналдырғанда, оның кабельдерін немесе сымдарын қысып алмаңыз. 12. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 13. Егер компьютер тұғырда тұрса, тұғырды ауыстырыңыз. 14. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 15. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
Қауіпсіздік құлпын орнату Төменде және келесі бетте көрсетілген Қауіпсіздік құлыптарын компьютерді қорғау үшін қолдануға болады. Кабель құлпы Ілмелі құлып HP бизнес ДК қауіпсіздік құлпы V2 1. 38 Қауіпсіздік кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұрандалар берілмеген) (1) үшін тиісті бұрандаларды пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз және кабель ысырмасының (2) негізіндегі қақпақты бекітіңіз.
2. Қауіпсіздік кабелімен стационал нысанды айналдыра ораңыз.
40 3. Қауіпсіздік кабелін қауіпсіздік кабелінің ысырмасы арқылы сырғытыңыз. 4. Монитор құлпының екі қайшы тұтқасын тартып, құлыпты монитордың (1) артқы жағындағы қауіпсіздік ұясына салып, құлыпты орнына (2) бекіту үшін қайшы тұтқаларын бірге жауып, кабель бағыттағышын монитор құлпынің (3) ортасы арқылы сырғытыңыз.
5. Қауіпсіздік кабелін мониторда орнатылған қауіпсіздік бағыттауышы арқылы сырғытыңыз. 6. Аксессуар кабелі ысырмасын қоршаған ортаңыз (бұранда берілмеген) (1) үшін тиісті бұранданы пайдалану арқылы жұмыс үстеліне тіркеңіз және ысырманың (2) негізіндегі аксессуар кабельдерін орналастырыңыз.
42 7. Қауіпсіздік кабелін аксессуар кабелінің ысырмасындағы саңылаулар арқылы сырғытыңыз. 8. Берілген бұранданы (1) пайдаланып, құлыпты шассидің артына бұраңыз. Қауіпсіздік кабелінің шетін құлыпқа (2) енгізіңіз және құлыпты жабу үшін түймені (3) итеріңіз. Құлыпты ашу үшін берілген кілтті қолданыңыз.
9. Барлық қадамдарды аяқтаған кезіңізде, жұмыс бекетіңіздегі барлық құрылғыларыңыз қауіпсіздендіріледі. Алдыңғы жапқыш қауіпсіздігі Алдыңғы жапқышты HP жабдықтаған қауіпсіздік бұрандасын орнату арқылы бекітуге болады. Қауіпсіздік бұрандасын орнату үшін: 1. Компьютерді ашуға тиым салатын барлық қауіпсіздік құралдарын алып тастаңыз/істен шығарыңыз. 2. Компьютерден барлық алынатын шағын диск немесе USB флэш драйвтерін алып тастаңыз. 3.
8. Алдыңғы жапқышты орнына бекіту үшін 6-32 қауіпсіздік бұрандасын алдыңғы жапқыштың босату тартқышының ортасына орнатыңыз. 9. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 10. Егер компьютер тұғырда тұрса, тұғырды ауыстырыңыз. 11. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 12. Алынбалы панелін алғанда істен шығарылған қауіпсіздік құралдарын бекітіңіз.
а Батарея ауыстыру Компьютермен орнатылған батарея ағымдағы уақыт сағатын қуаттандырады. Батареяны ауыстырғанда компьютерде орнатылған бастапқы батареямен бірдей батарея қолданыңыз. Компьютер 3-вольттық тиын тәріздес ұялы литий батареясымен келеді. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютердің құрамында ішкі литий мырыш қос тотықты батареясы бар. Батареяларды дұрыс пайдаланбаса, өрт және күйік алу қаупі бар. Жарақат алу қаупін азайту үшін: Батареяны қайта зарядтауға тырыспаңыз.
6. Батарея мен батарея ұяшығын жүйе тақтасына орналастырыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір компьютер үлгілерінде батареяға жету үшін ішкі компонентін алып тастау қажет болады. 7. Жүйе тақтасындағы батарея ұяшығына қарай, батареяны ауыстыру үшін келесі нұқсаулықтарды орындаңыз. 1-түрі а. Батареяны ұяшығынан көтеріп алыңыз. ә. Ауыстыратын батареяны жағымды жағын жоғары қаратып салыңыз. Батарея ұяшығы автоматты түрде батареяны дұрыс орына орналастырады. 2-түрі а.
а. Батареяны орнында ұстап тұрған қысқышты (1) артқа тартыңыз да батареяны алып шығыңыз (2). ә. Жаңа батареяны салып, орына түсіріп орналастырыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Батареяны ауыстырған соң, бұл жұмысты аяқтау үшін келесі қадамдарды орындаңыз. 8. Компьютердің алынбалы панелін ауыстырыңыз. 9. Қуат сымын және сыртқы құралдарды қайта жалғап, компьютерді қосыңыз. 10. Мерзімі мен уақытын, паспорттарын, барлық ерекше жүйе параметрлерін компьютерді орнату қызметін пайдаланып, қайта бейімдеңіз. 11.
ә Электр статикалық разряд Саусақтан немесе басқа өткізгіштен келген статикалық тоқ жүйе тақтасына немесе басқа статикалық тоққа сезімтал құралдарға зақым келтіруі мүмкін. Мұндай зақым құралдың қызметін азайтуы мүмкін. Электр статикалық разрядты болдырмау Электростатикалық тоқ зақымының алдын алу үшін, мына сақтандыруларды орындаңыз: ● Өнімдерді статиктен ада жерде сақтау және тасымалдау арқылы қол тигізудің алдын алыңыз.
б Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық, күнделікті қызмет көрсету және жіберу дайындықтары Компьютер жұмысы туралы нұсқаулық және күнделікті қызмет көрсету Компьютер және мониторды дұрыс орнату және күту үшін мына нұсқаулықтарды орындаңыз: ● Компьютерді шамадан тыс ылғалдан, күннің көзі тікелей түсетін және өте салқын немесе ыстық жерден аулақ ұстаңыз. ● Компьютерді тұрақты, жазық жерде қолданыңыз.
Оптикалық дискіге қатысты алдын алу шаралары Жұмыс кезінде немесе оптикалық драйвты тазалғанда келесі нұсқаулықтарды міндетті түрде орындаңыз. Жұмыс істеу ● Жұмыс кезінде драйвты қозғамаңыз. Нәтижесінде оның оқу мүмкіндігі бүлінуі мүмкін. ● Драйвты күтпеген температуралық өзгерістерден сақтаңыз, әйтпесе құрылғы ішінде ылғалдық пайда болуы мүмкін. Драйв қосылып тұрғанда температура өзгерсе, өшіргенге дейін кем дегенде бір сағат күтіңіз.
Жеткізуге дайындау Компьютерді жіберуге дайындық барысында мына ұсыныстарды орындаңыз: 1. Қатты драйвтағы файлдарды PD дискілеріне, жазба картриждеріне, CD-ларға немесе USB флэш драйвына сақтаңыз. Сақтаушы медиалардың электрлік немесе магниттік соққыларға ұшырамауын қадағалаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Қатты драйв жүйе қуаты өшірілгенде автоматты түрде бекітіледі. 2. Барлық алынбалы медианы алып тастаңыз. 3. Компьютерді және басқа сыртқы құрылғыларды өшіріңіз. 4.
в Қосылу мүмкіндігі HP әзірлейтін, өндіретін және сататын өнімдер мен қызметтердің жеке өздерін немесе көмекші құралдармен бірге барлық адамдар, соның ішінде физикалық қабілеттері шектеулі адамдар да қолдана алады.
Қолдауы бар көмекші технологиялар HP өнімдері әр алуан амалдық жүйелерге көмекші технологияларды қолдайды және көмекші технологиялармен бірге жұмыс істеуге конфигурациялауға болады. Көмекші фукциялар туралы қосымша ақпарат табу үшін құрылғының іздеу мүмкіндігін қолданыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Белгілі бір көмекші технология туралы қосымша ақпарат алу үшін сол өнімге арналған тұтынушыларды қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Қолдау қызметіне хабарласу Біз үнемі өнімдер мен қызметтердің қолжетімділігін жақсартамыз және пайдаланушылардың пікірлерін күтеміз. Егер өнім ақаулығы орын алса немесе сізге көмектескен қатынасу функциялар туралы ойларыңызбен бөліскіңіз келсе, (888) 259-5707 телефоны бойынша дүйсенбі-жұма күндері таңертеңгі сағат 6-дан кешкі 9-ға дейін хабарласыңыз.
Индекс Таңбалар/Сандар 2,5 дюймдік қатты дискіні алу 32 орнату 34 А алдыңғы жапқыш қауіпсіздігі 43 алдыңғы жапқышты алу 8 құлыптайды 43 орнына салу 10 алдыңғы жапқышы бітеуішті алып тастау 9 алдыңғы қауіпсіздік жапқышы 43 алдыңғы тақта құрамдас бөлшектері 2 артқы тақта құрамдас бөлшектері 3 ашу панелін алу 6 ашу панельді орнына салу 7 Б батарея ауыстыру 45 батареяны алу 45 салу 45 Д диск кабельдерін орнату 22 дискілерді орнату 22 дискілердің кабельдік байланыстары 22 орындары 21 Ж жад техникалық сипаттары
І ілмелі құлыпты құлыптайды 38 Э элекростатикалық тоқ, зақымның алдын алу 48 D DIMM құралдар.