Safety and Environmental Compliance Notes User's Guide

Зауытта пломбаланған батареялар туралы ескертпелер
Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Егер батареяның заряды тез бітетін
болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Батареяны пайдалану мерзімі аяқталғанда, оны жалпы үй қалдықтарымен бірге қоқысқа тастамаңыз.
Батареяны қоқысқа тастау кезінде жергілікті заңдарды және аймағыңызда қолданылатын ережелерді
орындаңыз.
Лазерлі құрылғылар талаптарына сәйкестік
Бұл ескертпені лазерді дұрыс пайдаланбау себебінен болуы мүмкін радиация шығуы туралы ескерту
үшін пайдаланыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Лазер құрылғысын орнату нұсқаулығында немесе көрсетілмеген басқару не реттеу
элементтерін пайдалану немесе басқа үрдістерді орындау қатерлі сәулелендіруді тудыруы мүмкін.
Қатерлі сәулелендіру қатерін төмендету үшін:
Құрылғы модулін ашуға талпынбаңыз. Онда пайдаланушыға қызмет көрсететін құрамдастар
жоқ.
Лазерлі өнімді орнату нұсқаулығында көрсетілмеген лазерлі құрылғыны қадағалау, жөндеу және
орнату процестерін орындамаңыз.
Тек қана рұқсатына ие болған сервистік компания мамандарына құрылғыны жөндеуге рұқсат
етіледі.
Осы өнім оптикалық сақтау құрылғысымен (мысалы, ықшам диск немесе DVD жетегі) және/немесе
талшық-оптикалық қабылдағышпен бірге жеткізілуі мүмкін. Лазерді қамтитын әр құрылғы IEC/EN
60825-1 талабына сәйкес 1-ші сыныпты лазер өнімі санатына енеді және бұл стандартқа арналған
қауіпсіздік талаптарына сай келеді.
Әр лазер өнімі АҚШ-тың FDA ұйымының 21 CFR 1040.10 және 1040.11 нормаларына сай келеді немесе
2007 жылғы 24 маусымда шығарылған Лазер туралы № 50-ші хабарламаға немесе 2019 жылғы 8
мамырда шығарылған Лазер туралы № 56-шы хабарламаға сәйкес күшке енген ауытқулардан басқа
нормаларға сай келеді.
Телекоммуникациялық құрылғыларды мақұлдау
Компьютердегі телекоммуникациялық құрылғы мақұлдау белгілері модемде немесе компьютердің
астында орналасқан өнім жапсырмасында көрсетілген елдер мен аймақтардағы телефон желісіне
қосылу үшін мақұлданған.
Өнімнің өнім орналасқан ел немесе аймақ үшін теңшелуін қамтамасыз ету үшін өніммен бірге берілген
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз. Орналасқан орнынан басқа елді немесе аймақты таңдау
модемнің жергілікті телекоммуникация ережелерін/заңдарын бұзатын жолмен теңшелуін туғызуы
мүмкін. Сонымен қатар ел немесе аймақ дұрыс таңдалмаса, модем дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Егер,
қажет елді немесе аймақты таңдағанда, елге немесе аймаққа қолдау көрсетілмейді хабары
10 1-тарау Құқықтық нормаларға сәйкестік