Safety and Environmental Compliance Notes User's Guide

Орнату шарттары
Жабдықты қуат көзіне жалғамас бұрын орнату нұсқауларын қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Компьютер ішіндегі бөліктер кернеуде немесе қозғайтын болуы мүмкін. Корпусты
алып тастамас бұрын жабдықты қуат көзінен ажыратыңыз. Жабдықты қуат көзіне қайта қосудың
алдында корпусты орнына салып бекітіңіз.
Акустика туралы ескерту
Дыбыс қысымы ұсынылған немесе болжамданған деңгейінен төмен болғанда, бұл ескертпені
пайдаланыңыз.
Дыбыс қысымы (LpA) 70 дБ(А) деңгейінен (оператор қалпы, ISO 7779 стандартына сәйкес қалыпты
жұмыс) аспайды. Өнімнің шумен ластау деректерін көрсету үшін http://www.hp.com/go/ted
мекенжайындағы «IT ECO Declarations» бөліміне өтіңіз және ашылмалы мәзірден өнім санатын
таңдаңыз.
Батарея туралы ескертпелер
Сақтық ережелері туралы келесі ескертпелердің бірі не бірнешеуі өніміңіздің батареясына қатысты
қолданылуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өнім ішкі литий-марганец диоксидті, ванадий пентоксидті немесе сілтілі батарея не
батарея бумасын қамтуы мүмкін. Батарея жинағы дұрыс қолданылмаса, өрт шығуы және күйіп қалу
қаупі бар.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Батареяны қайта зарядтамаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! 60°C-тан (140°F) жоғары температурада батареяны қолданбаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін компьютермен
қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток
адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Жылдам зарядтау мүмкіндігі үйлесімді емес немесе HP емес батареяларымен жұмыс істемеуі мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектеп алуға, бұзуға
немесе тесуге болмайды; батареяның сыртқы түйіспелерін тұйықтамаңыз, батареяны отқа немесе суға
тастамаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Егер батарея дұрыс батарея түрімен ауыстырылмаған болса, жарылыс қаупі бар.
Қолданылған батареяларды нұсқауларға сәйкес қоқысқа тастаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Бұл өнімге арналған НР бөліктерімен ғана ауыстырыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Батареяны жұтпаңыз, химиялық заттан күйіп қалу қаупі бар.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Бұл өнімде тиын/түйме пішіміндегі батарея бар. Тиын/түйме пішіміндегі батареяны
жұтып қойсаңыз, 2 сағат ішінде ішкі құрылысыңыз қатты күйіп қалуы және оның өлімге әкелуі мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жаңа және қолданылған батареяларды балалардың колдары жетпейтін жерде
сақтаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Батарея бөлімі қауіпсіз түрде жабылмаған болса, өнімді пайдалануды тоқтатып,
балалардың колы жетпейтін жерге қойыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Батареяларды жұтып қойды немесе дененің кез келген бөлігіне түсіп кетті деп
ойласаңыз, дереу дәрігерге жүгініңіз.
16 2-тарау Қауіпсіздік туралы ескертулер