Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2016 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel – Intel корпорациясының АҚШ-тағы және басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft және Windows – Microsoft компаниялар тобының сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен және қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде беріледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетуге байланысты зақымдарды немесе планшеттің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін, планшетті тізеңізге қоймаңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты заттың немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беткейдің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз. Сонымен қатар, жұмыс кезінде айнымалы ток адаптерінің теріге немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ бетке тимеуін қадағалаңыз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................ 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 2 2 Бөліктер ......................................................................................................................................................
Түрту ................................................................................................................................................. 24 Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау ...................................................................................... 24 Бір саусақпен сырғыту (сенсорлы экранда ғана) ......................................................................... 25 Екі саусақпен (сенсорлы тақтада ғана) жылжыту ............................................................
Батареяны тастау .......................................................................................................... 38 Батареяны ауыстыру .................................................................................................... 38 Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану ........................................................................... 38 7 MicroSD карталары .........................................................................................................................
10 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру ......................................................................................... 55 Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ....................................................................... 55 НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдерде) ............................. 55 Windows құралдарын пайдалану ..................................................................................................................
1 Қош келдіңіз Планшетті орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынамыз: ● Интернетке қосылу – Интернетке қосылу үшін, сымсыз желі параметрлерін реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі қосылымдары (19-бет) бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту – Планшетті вирустардан болатын зақымнан қорғаңыз. Бағдарламалық құрал планшетте алдын ала орнатылған болуы мүмкін.
Ақпаратты табу Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Планшеттің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу Жұмысқа кіріскенде бағдарламасы ● Әдістер туралы ақпарат және ақаулықтарды жою бойынша кең ауқымды кеңестер НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.
Ресурстар Мазмұны http://www.hp.com/go/orderdocuments мекенжайы бойынша сұрауға болады. Азия-Тынық Мұхит аймағында сатып алынған өнімдер бойынша POD, PO Box 161, Kitchener Road Post Office, Singapore 912006 мекенжайы арқылы HP компаниясына хат жазуға болады. Өнім атауын, аты-жөніңізді, телефон нөмірін және пошталық мекенжайды көрсетіңіз.
2 Бөліктер Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Планшетте қандай қатты диск орнатылғанын білу үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Планшетте орнатылған барлық құрылғылардың тізімі көрсетіледі. Жүйенің аппараттық құралдарының компоненттері және жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпаратты алу үшін fn+esc пернелерін басыңыз (тек таңдаулы үлгілерде).
Жақтағы планшет бөліктері Бөлік Сипаттама (1) Үндеткіштер Дыбыс шығарады. (2) Ішкі микрофондар Дыбыс жазады. (3) Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс (микрофон) комбо ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, планшет үндеткіштері ажыратылады. (4) USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін) порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады. Барлық USB құрылғылары стандартты USB порттары арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін төмен ток қолданылады. Кейбір USB құралғыларын зарядтау үшін оларды ток беретін портқа жалғау қажет.
Бөлік Сипаттама (13) Дыбыс деңгейін реттеу түймешігі Дыбыс деңгейін төмендету немесе жоғарылату үшін басыңыз. (14) Қуат түймешігі ● Планшет өшірулі болғанда, қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Планшет қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті басып қалыңыз. ● Планшет ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығару үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Бөлік Сипаттама (1) WWAN антенналары* (тек таңдаулы өнімдерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWANs) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды. (2) WiGig антеннасы* Сымсыз қондырмаға (WiDock) сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды. WiDock планшетті WiDock құрылғысының 0,6 м – 1,2 м (2 – 4 фут) ауқымында орналасқан басқа сымсыз құрылғыларға жалғайтын сымсыз гигабит (WiGig) құрылғысы болып табылады. (3) Веб-камера Бейнені жазады және фотосуретке түсіреді.
Артқы жағы Бөлік Сипаттама (1) Камера жарқылы Камера жарқылын қамтамасыз етеді. Камера жарқылын Windows Metro Камера бағдарламасын пайдалану арқылы басқаруға болады. (2) Веб-камера (артқы жағы) Бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір өнімдерде бейне ағыны мүмкіндігі көмегімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға болады.
2. Қайырмалы тіректі планшеттен жаққа қарай сырғытыңыз және оны қажетті бұрышта орналастырыңыз. Қайырмалы тірек нейтралды позициясында (1) (52 градуста) немесе толық тоқтату нүктесінде (2) (118 градуста) ұсталады. Қайырмалы тіректі жабу үшін ол түбімен сәйкестендірілгенше оны планшеттің төменгі жағына қарай итеріңіз. Пернетақта қондырмасында орналасқан құрамдас бөлшектері (тек таңдаулы үлгілер үшін) Планшет қосымша пернетақтаны қолдайды.
Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады және сөндіреді. (2) Сенсорлы тақта шамы ● Қосулы: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. (3) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. (4) Сенсорлы тақтаның сол жақ басу аймағы Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік Сипаттама (1) Caps lock шамы ● Қосулы: пернелердің барлығын бас әріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. (2) Сенсорлы тақта шамы ● Қосулы: сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: сенсорлы тақта қосулы. ● Сары: дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: дыбысы қосулы. ● Сары: микрофон дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: микрофон дыбысы қосулы.
Арнайы функциялық пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық перне, num lock пернесі немесе esc пернесімен бірге басқанда жиі пайдаланылатын жүйе функцияларын орындайды. (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта басу Пуск (Бастау) мәзірін жабады. (4) Функциялық пернелер fn пернесімен бірге басылған кезде, жиі қолданылатын жүйе функцияларын орындайды.
fn пернесін және функциялық пернені басыңыз Сипаттама Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей және жүйенің басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз. Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді.
NFC және Smart Card картасы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік Сипаттама (1) Смарт карта оқу құралы Қосымша смарт-карталарға қолдау көрсетеді. (2) NFC антеннасы* және NFC түрту аймағы Сымсыз сигналдарды байланысуға және деректер мен ақпаратты NFC технологиясымен үйлесімді құрылғыларға беруге және құрылғылардан алуға жіберу және қабылдау. Қосымша ақпаратты NFC арқылы бөлісу (тек таңдаулы үлгілерде) (22-бет) бөлімінен қараңыз. *Бұл антенна пернетақтаның сыртынан көрінбейді.
Планшетті пернетақтаның тұғырына жалғау Планшетті пернетақтаның қондырмасына қосу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Планшеттің POGO істікшелі қосқышының қондыру портын пернетақта қондырмасының POGO істікшелі қондыру қосқышына енгізіңіз. 2. Қайырмалы тіректі қажетті бұрышта орналастырыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Егер қайырмалы тіректі жапсаңыз, пернетақтаны тіркелген күйде қалдыруға және пернетақтаны планшеттің артында орналастыруға болады.
Жапсырмалар Планшетке жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе планшет алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар ақпаратын көру үшін планшеттің төменгі жағына және дисплейдің артқы жағына қараңыз. ● Сервистік жапсырма планшетті анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін.
Бөлік 18 (1) Модель атауы (тек таңдаулы үлгілерде) (2) Өнім нөмірі (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) – планшет туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз куәлік беру туралы жапсырма(лар) — қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
3 Желі қосылымдары Планшетті жол сапарда бірге алып жүруге болады. Алайда, планшет пен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып, үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардағы ақпараттарға қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
WLAN желісіне қосылу үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. 2. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басып, желілердің біреуіне қосылыңыз. Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу сұралады. Қосылуды аяқтау үшін, кодты теріп, Далее (Келесі) түймешігін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, планшетке енгізілген НР мобильді кең жолақты модулі туралы ақпаратты қараңыз. HP Mobile Connect қызметін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP Мобильді байланысы – планшетке арзан, қауіпсіз, қарапайым және оңтайлы кең жолақты байланыс ұсынатын қызмет.
GPS пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Планшетте GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері орналасу, жылдамдық және бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған жүйелерге жібереді. GPS мүмкіндігін қосу үшін, орналасқан орнының Windows жүйесінің құпиялылық параметрлері астынан қосылғанына көз жеткізіңіз. 1.
бері тасымалдау үшін NFC-үйлесімді құралын пернетақтадағы NFC аймағына апаруға болады. NFC мүмкіндігін қауіпсіздік мақсаттарында да қолдануға болады. NFC сенсорлы аймағы туралы ақпаратты NFC және Smart Card картасы (тек таңдаулы үлгілерде) (15-бет) бөлімінен қараңыз. Планшеттегі NFC функциясы әдепкі параметрлер бойынша қосылған. ЕСКЕРТПЕ: Барлық қолданбалардың барлығы NFC технологиясына қолдау көрсетпейді. NFC құрылғысына қосылу 1. NFC-үйлесімді құралын пернетақтадағы NFC аймағына апарыңыз. 2.
4 Экранда шолу Планшет экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады: ● Түрту қимылдарын пайдалану ● Сыртқы пернетақтаны және қосымша тінтуірді (бөлек сатылады) пайдалану ● Планшет қаламын пайдалану Сенсорлы экран мен сенсорлы тақта қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану Сенсорлы экранда шарлау үшін осы тарауда сипатталған қимылдар арқылы экранды тікелей басыңыз. Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстары арқылы планшет экранында шарлауға және меңзерді басқаруға мүмкіндік береді.
● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. Бір саусақпен сырғыту (сенсорлы экранда ғана) Бір саусақты сырғыту қимылын панорамалау, тізімдер мен беттерді айналдыру үшін немесе нысанды жылжыту үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: ● Екі саусақ көмегімен түрту қимылы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. Сенсорлы тақта аймағына екі саусақ көмегімен түртіп, таңдалған нысанның опциялар мәзірін ашыңыз. Төрт саусақпен (тек сенсорлы тақтада) түрту Әрекет орталығын ашу үшін төрт саусақпен түрту қимылын пайдаланыңыз. ● Әрекет орталығын ашу және ағымдағы параметрлер мен хабарландыруларды көру үшін сенсорлы тақтаны төрт саусақпен түртіңіз.
Қосымша сыртқы пернетақтаны пайдалану Сыртқы пернетақтаны қосу теруге, элементтерді таңдауға және түрту қимылдары арқылы орындауға болатын функцияларды орындау үшін жылжуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелер тіркесімдерін пайдалануға мүмкіндік береді. ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта функциялары осы нұсқаулықта сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Қаламның құрамдас бөліктерін анықтау Бөлік Сипаттама (1) Қаламның ұшы Қаламның ұшы экранға тигенде, қалам планшетпен әрекеттеседі. (2) Қалам түймесі Мүмкіндіктер әртүрлі болуы мүмкін. Осы түймелердің конфигурациясын көрсету немесе өңдеу үшін планшетте қалам бағдарламасын пайдаланыңыз. (3) Bluetooth шамы Көк түсті: қалам жұптасу күйінде. Өзгерілетін қызыл және көк шамдар: қалам планшетпен жұптастырылуда. Жыпылықтайтын көк шам: қалам сәтті түрде жұпталған.
Қаламды сақтау Қаламды пайдаланбаған кезде, оны сақтау үшін, қалам байлағыш арқылы қаламды планшетке тіркеңіз немесе пернетақтаның қалам байлағышы арқылы қаламды пернетақтаға бекітіңіз (тек таңдаулы үлгілерде).
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері Планшеттің келесі мүмкіндіктері болуы мүмкін: ● Кірістірілген үндеткіштер ● Кірістірілген микрофондар ● Кірістірілген веб-камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар Веб-камераны пайдалану Планшеттің веб-камерасы (кірістірілген камера) бейнені жазады және фотосуретке түсіреді. Кейбір модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын ұйымдастыруға болады.
Құлақаспаптарды қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Бұл құжатты ашу үшін: ▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар), Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау), одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз.
Бейнені пайдалану Бұл HP планшеті таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге және желіге қосылмай-ақ планшеттен тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады. Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында планшеттің USB портын пайдаланыңыз және планшетті сыртқы монитор, проектор немесе теледидарға қосу үшін, дұрыс видео адаптерін пайдаланыңыз.
6 Қуатты басқару Бұл планшет батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер планшет батарея қуатымен жұмыс істейтін болса және батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау және үнемдеу өте маңызды. Планшетті өшіру (сөндіру) ЕСКЕРТУ: Планшет өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Өшіру пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені және дисплей мен планшетті де өшіреді.
Ұйқылық күйді қосу және одан шығу Ұйқы күйін қосу үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Спящий режим (Ұйқылық күй) тармағын таңдаңыз. Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз. Планшет ұйқы режимінен шыққанда, жұмысыңыз экранға оралады. ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып, одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. Әртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері планшеттің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне жеткенде, белгіше хабар шығарады. Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау Планшетті ұйқы күйінен шыққанда құпия сөз талап етуге реттеу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. Мой ПК (Менің ДК), Диагностика и инструменты (Диагностика және құралдар) қойыншасын таңдаңыз, одан кейін HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің қолданылатынына байланысты әртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның сақтық сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады. Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер: ● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Экономия энергии (Қуат үнемдегіші) параметрін таңдаңыз.
● Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып, одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. – немесе – ● Қуат параметрлерінен төмен заряд деңгейін таңдаңыз. ● Сымсыз және LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан шығыңыз. ● Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
● Планшет батарея қуатына көшеді. ● Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, экран жарықтығы автоматты түрде азаяды. ● Қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
7 MicroSD карталары MicroSD картасын оқу құрылғысын пайдалану Қосымша microSD карталары деректерді қауіпсіз сақтауға және оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар әдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде және басқа да компьютерлерде қолданылады. MicroSD картасын салу ЕСКЕРТУ: Жад картасы қосқыштарының зақымдану қатерін азайту үшін, microSD картасын күштеп енгізбеңіз. 1.
MicroSD картасын шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында microSD картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Мәліметтеріңізді сақтап, microSD картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан батарея көрсеткішінің белгішесін түртіңіз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3.
8 Қауіпсіздік Планшетті қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз — планшет ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінде немесе планшетте алдын ала орнатылған Computer Setup құралы арқылы тағайындалады. ● BIOS әкімшісінің құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Құпия сөз Қызмет ЕСКЕРТПЕ: BIOS әкімші құпия сөзін жою мақсатымен мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жоюға болмауы мүмкін. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын алуға қолданылады. ЕСКЕРТПЕ: Таңдаулы үлгілерде, DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын BIOS әкімші құпия сөзін орнату қажет.
▲ ● Computer Setup утилитасын ашу үшін, планшетті қосыңыз немесе компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Планшетті өшіріңіз. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз. 2.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпия сөзін енгізудің екі сәтсіз әрекетінен кейін планшетті қайта іске қосып, әрекетті қайта орындау қажет.
2. 1. Планшетті өшіріңіз. 2. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз. Security (Қауіпсіздік) пәрменін таңдаңыз; Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) немесе Hard Drive Tools (Қатты диск құралдары) опциясын (тек таңдаулы үлгілерде), DriveLock параметрін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
DriveLock мүмкіндігін өшіру (тек таңдаулы үлгілерде) 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. ● ● 2. Пернетақтасы бар планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Планшетті өшіріңіз. 2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Планшетті өшіріңіз. 2.
DriveLock картасын өзгерту (тек таңдаулы үлгілерде) Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Планшетті өшіріңіз. 2. Питание (Қуат) түймешігін басыңыз. 3. DriveLock Password (DriveLock құпия сөзін енгізу) сұралғанда, DriveLock құралының өзгертіліп жатқан ағымдағы пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзін теріңіз, enter пернесін басыңыз және Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз. 4.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған планшетті қорғайтын бағдарламалық құрал. ● Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің және үй желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды. Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады.
Қосымша қауіпсіз кабелін пайдалану Қауіпсіздік кабелі (бөлек сатылады) сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол планшетке күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. Планшетке сымсыз кабельді жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады.
9 Күтім Планшетті оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Сонымен қатар, осы тарауда бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, планшетті тазалау жөнінде қадамдар және планшетіңізді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі. Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде жаңартуға кеңес береді.
Қағаз сүлгілер сияқты талшықты материалдар планшетті сызаттауы мүмкін. Уақыт өткенде, кір және тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін. Тазалау іс рәсімдері Планшетті қауіпсіз тазалау үшін осы бөлімде берілген нұсқауларды орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! тазаламаңыз. Ток соғуынан сақтану немесе жабдықты зақымдамау үшін, токқа қосулы планшетті 1. Планшетті өшіріңіз. 2. Айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. 3. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
● Ұшу кезінде планшетті қолдануды жоспарласаңыз, планшетті пайдаланатын уақытты ұшу алдындағы хабарландыру кезінде тыңдаңыз. Әуе сапары кезінде планшетті қолдануға рұқсат беру әуе компаниясының құзырында. ● Планшетті пошта арқылы жібергенде, қорғаныш орау материалдарын пайдаланып, орамын «FRAGILE» (осал зат) жапсырмасымен белгілеңіз. ● Кейбір орталарда сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.
10 Сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру Бұл тарауда төмендегі процестер туралы ақпарат беріледі. Тараудағы ақпарат өнімдер үлгілерінің көбі үшін стандартты процедура болып есептеледі. ● Қалпына келтіру дискісін және сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру және қалыпқа келтіру Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
● Егер планшетте Windows бөлімі немесе Recovery бөлімі болмаса, қалпына келтіру медиасын қолдау қызметінен алуға болады. Осы планшетпен бірге берілген Worldwide Telephone Numbers (Әлемдік телефон нөмірлері) кітапшасын қараңыз. Әрі байланыс ақпаратын HP веб-торабында табуға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау және жеке мәліметтердің сақтық көшірмелерін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып, одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз. 2. Қалпына келтіру медиа құралын жасау тармағын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (58-бет) бөлімінен қараңыз.
параметрлерге келтіру опциясын пайдалануға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (58-бет) бөлімінен қараңыз. ● Таңдаулы өнімдерде, егер қатты диск орнын босату үшін қалпына келтіру бөлімін жойғыңыз келсе, HP Recovery Manager бағдарламасы Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) опциясын ұсынады. Қосымша ақпаратты HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде) (60-бет) бөлімінен қараңыз.
● Жүйені қалпына келтіру – бастапқы амалдық жүйені қалпына келтіріп, зауытта орнатылған бағдарламалардың параметрлерін реттейді. ● Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру – Қатты дискідегі барлық ақпаратты өшіру және бөліктерді қайта жасау арқылы планшетті бастапқы зауыттық күйіне келтіреді. Содан кейін, амалдық жүйе мен зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнатады. HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы өнімдерде) Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді.
Жүктеу тәртібін өзгерту үшін МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Ажыратылатын пернетақта бар планшет үшін, осы қадамдарды бастамас бұрын пернетақтаны пернетақта бекемдеуіне жалғаңыз. 1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз. 2. BIOS құралын ашу: Пернетақталар тіркелген планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Жүктеу опцияларын үшін планшетті қосыңыз немесе өшіріп қайта қосыңыз, esc пернесін тез басып, f9 пернесін басыңыз.
11 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, басталу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, төмендегі әдістердің біреуін пайдаланыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, мына әрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Exit (Шығу) белгішесін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді сақтамай шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату және ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар. BIOS нұсқасын анықтау Computer Setup (BIOS) утилитасын жаңарту қажеттілігін анықтау үшін алдымен планшеттегі BIOS нұсқасын анықтаңыз. BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM date (ROM күні) және System BIOS) (BIOS жүйесі) деп те аталады) fn +esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup утилитасын ашу арқылы көрсетуге болады. 1.
ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны табу үшін қажет болуы мүмкін. ә. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. BIOS жаңартуы жүктеліп алатын қатты дискідегі орынға жолды жазып алыңыз. Сіз жаңартуды орнатуға дайын болғаныңызда бұл жол бойынша файлды табасыз. ЕСКЕРТПЕ: Егер планшет желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын, әсіресе жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік әкімшімен байланысыңыз.
TPM BIOS параметрлері (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сенімді платформа модулін (TPM) осы жүйеде іске қоспастан бұрын модульді пайдалану мақсатына сәйкес жергілікті заңдармен, ережелермен және саясаттармен сай келетінін тексеріңіз және қолданылатын барлық рұқсаттар мен лицензияларды алыңыз. Жоғарыда аталған талаптарды бұзатын сенімді платформа модулін (TPM) пайдалану нәтижесінде кез келген сәйкестік мәселелер орын алса, сіз барлық міндеттемелер үшін толығымен жауапты болуы тиіс.
12 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-торабына өтіңіз. HP PC Diagnostics басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) пәрменін таңдаңыз. Белгілі бір өнімге арналған кез келген UEFI нұсқасын жүктеп алу 1. http://www.hp.com/support веб-торабына кіріп, еліңізді таңдаңыз. HP қолдау терезесі ашылады. 2. Драйверы и загрузки (Драйверлер және жүктеулер) тармағын таңдаңыз. 3.
13 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз планшетті халықаралық сапарға алып шығуды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Планшет айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Планшет бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
14 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
15 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. Қолдау көрсетілетін көмекші технологиялар HP өнімдері операциялық жүйенің әр түрлі көмекші технологияларына қолдау көрсетеді және оларды қосымша көмекші технологиялармен жұмыс істеуге теңшеуге болады. Көмекші мүмкіндіктер туралы қосымша ақпаратты табу үшін құрылғыдағы Іздеу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Индекс А Айнымалы ток адаптері және батарея 6 ақпарат алу аппараттық құрал 4 бағдарламалық құрал 4 астыңғы жағы 18 Аудио 31 аудио шығыс (құлақаспап)/aудио кіріс (микрофон) комбо ұясы анықтау 5 бір саусақты сырғыту – сенсорлы экран қимылы 25 В веб-камера 8 анықтау 9 пайдалану 30 веб-камера, анықтау 8 веб-камера шамы, анықтау 8 вирусқа қарсы бағдарламалық құрал 49 Ә әкімші құпия сөзі 43 Г гарнитуралар, жалғау Б бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 52 бағдарламалық құрал вирусқа қарсы 49 желіаралық қалқа
қалпына келтіру HP Recovery Manager 58 USB флэш картасы 59 дискілер 56, 59 жүйе 58 қолдау көрсетілетін дискілер 56 қосу 59 құрал 59 НР жүйені қалпына келтіру құралы көмегімен 57 қалпына келтіру бөлімі шығарып алу 60 қалпына келтіру құралы жасау 55 қауіпсіздік кабелінің ұясы, анықтау 6 қоғамдық WLAN қосылымы 19 қолдау көрсетілетін дискілер, қалпына келтіру 56 қолжетімділік 70 Қосымша драйверлі USB қолдауы 61 қуат батарея 35 мүмкіндіктер 33 қуат параметрлерін орнату 33 қуат түймешігі, анықтау 7 қуатты үнемдеу
сымсыз желі (WLAN) жұмыс ауқымы 20 корпоративтік WLAN қосылымы 19 қоғамдық WLAN қосылымы 19 қосылу 19 сымсыз куәландыру белгісі 18 сыртқы айнымалы ток қуаты, пайдалану 38 Т тұтынылатын қуат 68 түймешігі дыбыс деңгейі 30 дыбыс деңгейін арттыру 7 қуат 7 төменгі дыбыс деңгейі 7 Ұ Ұйқылық күй қосу 34 шығу 34 ұялар SIM картасы 6 аудио шығыс (құлақаспап)/ аудио кіріс (микрофон) комбо 5 қауіпсіздік кабелі 6 смарт карта 15 ұяшықтар microSD картасын оқу құрылғысы 6 Ү үндеткіштер анықтау 5 қосылу 30 Ф функциялық перн
U USB 3.