User's Guide

Бөлік Сипаттама
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, планшет
үндеткіштері ажыратылады.
(4) USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін) порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
Барлық USB құрылғылары стандартты USB порттары
арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін төмен ток
қолданылады. Кейбір USB құралғыларын зарядтау үшін
оларды ток беретін портқа жалғау қажет.
ЕСКЕРТПЕ: USB зарядтау порты арқылы планшет өшірулі
болса да, ұялы телефондардың және MP3
ойнатқыштарының кейбір үлгілерін зарядтауға болады.
(5) MicroSD картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ пайдаланылатын
немесе ашылатын microSD карталарын оқиды. Орнату
жөнінде нұсқауларды MicroSD карталары (40-бет)
бөлімінен қараңыз.
(6) USB C типті (Thunderbolt қосылған) порты Айнымалы ток адаптерін қосады және C типті қосқышы бар
кез келген USB құрылғысын жалғайды. Сонымен қатар,
планшетіңіз Thunderbolt қондыру станциясына қолдау
көрсетуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C зарядтау порттарының кейбіреулері
арқылы планшет өшірулі болса да, ұялы телефондардың,
планшеттердің және MP3 ойнатқыштарының кейбір
үлгілерін зарядтауға болады. Кейбір порттар арқылы
DisplayPort, VGA, HDMI, Thunderbolt және басқа бейне
құрылғыларын қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Адаптерлер (бөлек сатылады) қажет болуы
мүмкін.
(7) Айнымалы ток адаптері мен батарея шамы
Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
толығымен зарядтаулы емес.
Ақ түсте жыпылықтау: айнымалы ток адаптері
ажыратылды және батарея заряды төмен батарея
деңгейіне жетті.
Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея
зарядталуда.
Өшірулі: батарея бұл порт арқылы зарядталмай тұр.
(8) Туралағыш өзек қосқыштары (2) Планшетті қосымша пернетақтаға дәлдеп, бекітіңіз.
(9) ZIF кеңейту ұясы Пернетақта немесе қуат беру құралы сияқты керек-
жарақтарды POGO істікшелі коннекторын пайдалану
арқылы қосуға мүмкіндік береді.
(10) Қалам байлағыш ұялары Қаламды қалам байлағыш арқылы планшетке қосуға
мүмкіндік береді.
(11) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін планшетке жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал
ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол планшетке
күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы
мүмкін.
(12) Шағын SIM картасы ұясы (тек таңдаулы
үлгілерде)
Сымсыз абонентті анықтау модулі (SIM) картасын қолдайды.
Планшетке SIM картасы орнатылмаған жағдайда, Шағын
SIM картасын орнату (тек таңдаулы үлгілерде) (21-бет)
бөлімін қараңыз.
6 2-тарау Бөліктер