User's Guide
3 Желі қосылымдары
Планшетті жол сапарда бірге алып жүруге болады. Алайда, планшет пен сымсыз не сымды желі
байланысын пайдаланып, үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардағы
ақпараттарға қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу
Планшет келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы мүмкін:
●
WLAN құрылғысы планшетті корпоративті офистер, үй және әуежайлар, мейрамханалар,
кафелер, қонақ үйлер және университеттер сияқты қоғамдық орындарда (әдетте, Wi-Fi желілері,
сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын) сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде
палншеттегі мобильді сымсыз құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру
нүктесімен байланысады.
●
HP мобильді кең жолақты желі модулі (тек таңдаулы өнімдерде) көптеген аймақтарда сымсыз
байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сымсыз ғаламдық желі (WWAN) құрылғысы болып
табылады. Мобильді желі операторлары үлкен географиялық аумақтардың барлық жерінде
бүкіл облыстар, аймақтар немесе тіпті ауылдардың байланыс аясына қамтылуын тиімді
қамтамасыз ететін (ұялы телефон мұнаралары сияқты) базалық станцияларды орнатады.
●
Bluetooth құрылғысы – компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар, үндеткіштер
және камералар сияқты Bluetooth қызметі қосылған басқа құрылғыларға қосылу үшін жеке аймақ
желісін (PAN) жасайды. PAN желісіндегі әр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей байланысады
және бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын болуы тиіс. Әдетте бір-бірінен 10 метр (шамамен
33 фут) қашықтықта болады.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Планшеттегі сымсыз құрылғыларды амалдық жүйенің басқару элементтері арқылы басқаруға
болады:
Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі
ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
▲
Windows жұмыс үстеліндегі желі күйінің белгішесін түртіп, ұстап тұрыңыз және Центр
управления сетями и общим доступом (Желі және ортақтасу орталығы) пәрменін таңдаңыз.
WLAN желісіне қосылу
ЕСКЕРТПЕ: Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік
жазбасын орнату қажет. Интернет қызметін және модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет
провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз
жолжоспарлағышты модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға және Интернет қызметін тексеруге
көмектеседі.
Сымсыз желіге қосылу 19