User's Guide

WLAN желісіне қосылу үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
2. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басып, желілердің біреуіне қосылыңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу сұралады.
Қосылуды аяқтау үшін, кодты теріп, Далееелесі) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру
нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосылатын WLAN желісі көрсетілмесе, Windows жұмыс үстелінде желі күйінің
белгішесін түртіңіз де, ұстап тұрыңыз, Открыть центр управления сетями и общим доступом
елілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пәрменін таңдаңыз. Настройка нового
подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату) пәрменін түртіңіз. Желіні қолмен
іздеу және оған қосылу немесе жаңа желі байланысын орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі
ашылады.
3. Экрандағы нұсқауларды орындап қосылысты аяқтаңыз.
Қосылыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, көрсеткішті тапсырмалар
тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесін түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге және басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге немесе
қабырғалар және едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
HP мобильді кең жолақты планшетіңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа
планшетіңізді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық
пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады.
ЕСКЕРТПЕ: Планшетіңіз HP мобильді байланысты қамтитын болса, бұл бөлімдегі нұсқаулар
қолданылмайды. HP Mobile Connect қызметін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) (21-бет) бөлімін
қараңыз.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты
желі модулінің IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін. Нөмір (RMN) планшеттің астында
орналасқан.
– немесе –
Нөмірді табу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басыңыз.
2. Показать параметры подключения (Қосылыс параметрлерін көрсету) таңдаңыз.
3. Мобильное широкополосное подключение (Мобильді кең жолақты қосылыс) бөліміндегі желі
күйінің белгішесін басыңыз.
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында жеке
идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат қамтылады.
Кейбір планшеттерге SIM картасы алдын ала орнатылады. Егер SIM картасы алдын ала орнатылмаған
болса, ол планшетпен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты байланысы ақпаратының ішінде
берілуі мүмкін немесе мобильді желі операторы оны планшеттен бөлек беруі мүмкін.
SIM картасын орнату туралы ақпаратты Шағын SIM картасын орнату (тек таңдаулы үлгілерде)
(21-бет) бөлімінен қараңыз.
20 3-тарау Желі қосылымдары