User's Guide

НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, планшетке енгізілген НР мобильді кең жолақты
модулі туралы ақпаратты қараңыз.
HP Mobile Connect қызметін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
HP Мобильді байланысы – планшетке арзан, қауіпсіз, қарапайым және оңтайлы кең жолақты байланыс
ұсынатын қызмет. HP Mobile Connect (HP Мобильді байланысы) құралын қолдану үшін планшетіңізде
SIM карта және HP Mobile Connect (HP Moбильді байланысы) қолданбасы болуы тиіс. HP Moбильді
байланысы туралы толығырақ ақпаратты және сатып алу мүмкіндікерін көру үшін
http://www.hp.com/go/mobileconnect вебторабына өтіңіз.
Шағын SIM картасын орнату (тек таңдаулы үлгілерде)
ЕСКЕРТУ: SIM картасын немесе планшетті зақымдамау үшін SIM картасының мөлшерін қию немесе
картаны тегістеу арқылы өзгертпеңіз.
1. Карта салғышына қол жеткізу үшін тесікке кішкентай түзетілген қағаз қысқышын (1) енгізіңіз.
2. Карта салғышы шыққанша оны жайлап басыңыз.
3. Салғышты планшеттен (2) шығарып алып, картаны (3) салыңыз.
4. Салғышты (4) планшетке орнына салыңыз.
5. Карта салғышын нық отырғанша жайлап басыңыз.
Мобильді желіні орнату үшін ақпаратты мобильді байланыс жеткізушісінің құжаттарынан қараңыз.
SIM картасын шығарып алу үшін, қадамдарды кері ретімен орындаңыз.
Сымсыз желіге қосылу 21