User's Guide
GPS пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Планшетте GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері
орналасу, жылдамдық және бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған
жүйелерге жібереді.
GPS мүмкіндігін қосу үшін, орналасқан орнының Windows жүйесінің құпиялылық параметрлері астынан
қосылғанына көз жеткізіңіз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында местоположение (орналасқан орны) деп теріп,
Параметры конфиденциальности сведений о местонахождении (Орынның құпиялылық
параметрлері) опциясын таңдаңыз.
2. Орынның параметрлерін пайдалану үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпаратты Get started (Жұмысқа кіріскенде) бағдарламасынан қараңыз.
Жұмысқа кіріскенде бағдарламасын бастау үшін
▲
Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және Get started (Жұмысқа кіріскенде) бағдарламасын
таңдаңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель
қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
●
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук, планшет)
●
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
●
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
●
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
●
Тінтуір
●
Сыртқы пернетақта
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дәрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу және
оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Bluetooth құрылғыларын қосу
Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату үшін келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Параметры Bluetooth
(Bluetooth параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Устройства (Құрылғылар) тармағын, одан кейін Подключенные устройства (Қосылған
құрылғылар) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құптау қажет болса, жұптастыру коды көрсетіледі. Кодтың сәйкес болуын тексеру үшін
қосылып тұрған құрылғыда экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
NFC арқылы бөлісу (тек таңдаулы үлгілерде)
Планшет NFC технологиясына қолдау көрсетеді; бұл жоғары жиілікті және қысқа ауқымды сымсыз
байланысу технологиясы. Планшетке сымсыз қосылу және онымен байланысу және деректерді әрі-
22 3-тарау Желі қосылымдары